Арманға жету үшін не істеу керек?
АРМАН және БОЛМЫС
Арманың сенің шынайы болмысыңа айналу үшін, бар жан-тәніңді билеп алу үшін не істеу керек? Оны бар жүрегіңмен қалап, жазып, содан кейін жаттап алу қажет!!! Өлең жаттағандай жаттап, кез келген уақытта жатқа айта алатындай. Өміріңіздің соңына дейін жеткіңіз келетін АРМАНДАРЫҢЫЗДЫ жазыңыз да ЖАТТАП алыңыз. Сол кезде ол сіздің санаңыздан шықпайды, әр сәт сайын сізді өрге қарай жетелейтін болады: Қиналғанда демеу, шаршағанда сүйеу, сырласқанда дос, адасқанда шырақ болып қасыңыздан табылады.
Армандай білмейтін адам қуана да білмейді-ау. Өйткені оның шыққысы келетін биігі жоқ, өмірінің мәні де жоқ.
Бүкіл өмір, бүкіл дүние, бар жалған,
Жадыңда ұста: жаратылған арманнан!
Өмірінің аяғы жоқ, басы жоқ,
Өлген артық армансыз боп қалғаннан. Мұқағали
МӘҢГІ ЛАУЛАП ЖАНУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БАҚЫТ ТАБУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН БОЛЫП ҚАЛУ ҮШІН ҒАЛАМДА,
ҮЛКЕН АРМАН КЕРЕК ЕКЕН АДАМҒА. Мұхтар Шаханов
Армандарыңызды дәл қазір жазыңыз да. жаттауға көшіңіз...
Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан