Астыда жата сал, мен үстіге жатам ғой

Соңғы күндері байқап жүрмін, əсіресе жастар жағы "жоғары" "төмен" деген сөздерді айтпайды. Орнына асты үсті деп жүр.
Мысалы үйде отырсаң қоңырау шалып астыға түс дейді. Төменге түс десе болмай ма?))
Үстіде кім бар деп сұрайды. Екінші қабатты меңзегені. Жоғарыда деп неге сұрамайды?)
Поезда жоғарғы орын, төменгі орын демейді. Астыда жата сал, мен үстіге жатам ғой деп жатады))
Асты үсті деп, столдың асты, шкафтың үсті деген сияқты сөздерді айтқанда ғана пайдалану керек емес пе еді?
Əлде тіліміз мен ойлағаннан да бай ма? Тіл мамандары сіздер не дейсіздер?
Абай жаз өлеңінде "Жоғары төмен үйрек қаз.
Ұшып тұрса сымпылдап" деген екен.
Уақыт өте оны да "астыға үстіге үйрек қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап" деп оқитындар шыға ма деп қорқам)))
Есет Калманов
Фейсбуктегі парақшасынан





