Асылық қылудан алыс болың, жігіттер!

Асылық қылудан алыс болың, жігіттер!

Үйдегі жардың жүргеніне көп жігіттің көзі де өзі де үйреніп кеткені бір анық қой. Үйден алыс жүргенде үйлі замандасқа үн қатсам деп едім. Кей жігіттер толық ұға алмас мұны. Әзірге. Бірақ, сен де бір құлақ асып қой. Келешек заманда нәубетің келіп еске аларсың.
Қасыңдағы жарыңа бір бағып қойшы қазір. Күнделікті тірліктен тынығып, жанары жабық күйі сәкін демалып жатқан болар. Я таңнан басталар тірлігіне енді кірісіп отырған шығар. Бәлки, жаныңда өзің секілді экранға терміле белгісіз бір көріністерден мән тапқан күйі өзімен-өзі ауық жымиып жатқан болар. Мүмкін, кешкі астан қалған астаң-кестеңді реттеген соң ертеңгі сенің жұмысқа киетін шүберектеріңді тегістеп болып енді ғана жатарға дайындалып жүрген болар... Қандай күйде болса да, бір сәт мына дүниенің барлығын көзің мен санаңның айнасынан ысырып таста да тек қана жарыңа көз салшы, досым.
Қалай екен? Өзгеріпті ме? Сенің шаңырағыңа түскен кезде қандай еді? Реңі аздап шаршау тартқан сияқты ма? Көздерінде саған бұрын білінбеген әлдебір тұңғиық пайда болған сияқты ма? Иә... Баяғыдай емес. Біраз өзгерген. Жаңа кешкі ас ішіп отырғанда бірдеңе айтып еді. Не айтқаны есіңде ме өзі? Қай кезден бастап оны толғандырған ойлар мен мазалаған мәселелер мәнінің салмағы азая түскенін пайымдап көрші бір. Қашаннан бері сол бір жарыңның сенің жаныңда жүруі «үйреншікті» болып кетіп еді? Бейне бір тағдыр саған қарызданып қалып, ақысына осы әйелді бере салған секілді сезім қай сәттен бастап келді саған? Сенің оған үнемі өзгермес сияқты боп көрінген жұмсақ лебіздерің қашаннан бастап қатая бастағаны есіңде ме? Неге сен оған болмашы нәрселерге ренжитін болдың? Қай кезден бастап оның кей уақтағы көңілсіздігі сенде ыңғайсыз сезім тудыратын болды? Һәм неліктен сен өзіңнің жарыңа деген көңіл толмай қала беретін кездеріңді үнемі әділетті деп ойлайсың?
Оның алғаш үйіңнің табалдырығын аттаған сәті есіңде ме? Қандай сүйкімді еді, иә? Жаңа келген жеріне абайлай зейін салып, алдына келген-кеткеннің қайсыбірінің аты мен жүзін жаттай алмай аздап абдыраған күйін өзі білдірмеуге тырысса да қастарының жоғары-төмен еріксіз әлсін қозғалысы көрсетіп қоятынын есіңе алшы. Сонша бейтаныстың арасынан анда-санда бір көзге ілінген сені көрген сайын жымия түсетін тәтті сәті ше? Сол кезде көздерің түйісіп қалардай болса бір мезетке екеуің де жымиып, содан соң келіншегің бөтендер ойынан ыңғайсызданып жүзін алып қаша басқа бір нәрсемен айналысып жатқандай болған кезін айтам... Қандай еді, иә?
Енді бір ойлап қарашы... Сол қыз сенің үйіңде неғып жүр өзі? Осы бір жарыңда таңдау болмады ма? Болды, әрине. Басқа құрбылары секілді оқуын бітіре еркін жұмыс жасап, қалағанынша қыдырып, іс орнында мансабын өсіп, қалаған еліне барып, қалаған нәрсесін алып жүретін еркі болды емес пе? Тапқан табысын жұрт секілді өз ұясына жұмсап, жүрген ортасында армансыз жарқырай, мейлі кіші кәсіпте жүрсе де, бұл күндегі күйбең тірлігінің бір бөлігі де жүк болмастай өмір сүретін таңдауы болды ғой? Бірақ, сол бір балғын жүзі һәм мінсіз тәнімен сенің өмір жолыңа серік боп қосылды, иә? Өз болмысындағы бардың бәрін саған берді. Өзінің бар тәттілігін саған берді. Өзінің бүкіл жастық шағы мен өмірінің ең әсем кезеңін сен үшін құрбан етті. Саған сыйлады. Сыйлап жүр. Сонша мың сан мүмкіндіктерінен бас тартып, тағдырын саған аманаттады. Сенімен ғана емес, сенің абыройың үшін бүткіл әулетіңдегі сан түрлі мінезі бар кісінің бәрінің де көңілінен шығуға тырысты. Кейде үдесінен шыға алмай қалатын болар. Бірақ, әйтеуір сен үшін тырысады. Сенімен керісіп қалар ол да. Адам ғой. Кейде керіс созылып кетеді. Өзі де бастайтыны бар шығар. Бірақ, бәрібір сенің қасыңда жүр емес пе? Сенің игілігің үшін бәлки, өзімен рухы да деңгейі де бөлек сенің қаншама достарың һәм әріптестеріңмен де көңіл сұрасып күлімдеп қояды. Сенің ісің оңалып кетуін тілеп, кейде өзі түсінбесе де ізденіп ақыл қосуға тырысып жүр. Сенің беліңнен белес асқан балаларыңды дүниеге әкелді. Сенің беліңе ештеңе қылған жоқ. Тұп-тұнық болған жарыңның бел терісі пышақ кескендей тарам-тарам боп жыртылды. Сенің күндегі асыңды даярлаймын деп дақ түспеген аппақ білектерін күйік шалды. Сенің мерейің тасып келгенде оралмас жылдар аздап түсірген қабағын көтере іштей шын ықыласымен қуанып жүр. Қыз кезіндегі сымбаты қайтпайтыны анық болса да, әтір-ғұпасымен сенің сезімің қайтып қалмасы үшін сылана береді. Сенің қаншама рет қайталап айтып қойғаныңды ендігі жерде өзің де ұмытып қалған мезі әңгімелеріңді жаңадан естігендей тыңдайды да, көңілің үшін таңырқай да береді... Сондай сенің жарың. Сол әйел қазір сенің жаныңда.
Енді тағы да бір бақшы қасыңдағы жарыңа. Сондай жанқияр сенің аяулы жарың өзіңнен басқа кімде бар? Артық сөзсіз жай ғана қасына жақында да, маңдайынан иіскеп қойшы. Сүйт те оның мына өмірде, сенің өміріңде бар болғаны үшін шын жүрегіңнен бір алғыс айтшы, бауыр! Сондай жарды жолықтырған тағдырыңа да.
Осының бәрін ой елегінен өткіздік екен, ойландық екен сол бір қыздың осынша жасаған құрбандығының биік мәніне лайық тұралық. Асылық қылудан алыс болың, жігіттер!

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста