Ата-ананың берген ақшасын болмашыға шашқаным үшін қатты өкіндім

Ата-ананың берген ақшасын болмашыға шашқаным үшін қатты өкіндім

Тұрмысқа шықпаған кезім. Төсекке таңылып жатқан ата-анама көмек болсын деп, көшенің бас жағындағы наубайханада нан жабатынмын. Түркістанның тең жартысын осы наубайхана нанмен қамтамасыз етеді. Жоспар бойынша бір тəулікте мыңға тарта нан жауып үлгеру керек. Ақшасын аздау төледі ме əлде жұмысы қиындау болды ма əйтеуір тұрақты істейтін жұмысшыға жарыған емес. Егелері біраз нан жабатын адам іздеп жүріп қалды. Нан сатып алуға барғанмын. Пеште пісіп жатқан нанды күтіп, сол жерде 5 минуттай тұрып қалдым. Ыстығына шыдай алмай, жүрегім қысылып, маңдайым терлеп, үфілеп барып, сыртқа қарай атып шықтым. Қызық. Жұмысшылары қалай шыдайды екен? Мың миллион берсе де, мынандай ыстықта жұмыс жасауға өз басым төзе алмаспын сірə.
Арадан бірнеше күн өтті. Ауырып жатқан ата-анамның қалі күннен- күнге нашарлап бара жатты. Студентпін. Жол кіремді де, оқу ақысын да өзім табуым керек. Ата-анамның дəрі дəрмегі мен ішіп-жемі жетерлік. Не болса да, оқып жатқан оқуымды тастамауым керек. Онсызда сіркесі су көтермей жатқан кісілерге күнде алақан жаю ұят.
Осы ой мазалап, "кеше ғана өзім мына жерде жұмыс жасау мүмкін емес"-деп кеткен көше басындағы наубайханаға келіп жұмыс беруін өтіндім. Егесі үлкен сары қатын. Қарқылдап күліп алды. -Жұмыс дейсің бе? Кеше сен мына ыстыққа бес минутта шыдай алмап едің ғой. Қалай жұмыс жасамақсың.? Болмайды. Сен шыдай алмайсың.
Шыдай алмайсың дегенге көкірегім қарс айырылды. -Жоқ мен істеймін. Бір күн тегін істеп көрейін. Ары қарай істей алмасам, сіз де мен де ұтылмаймыз. Ол келісе кетті.. Өзінің үйретуімен нан жабуды тез-ақ үйреніп алдым. Ертесі күні толық өзім жауып шықтым. Тіпті жапқан нандарым томпиып, қызарып əдемі шықты. Үшінші күні өздері жалынып келетін болды. Сөйтіп басы -қасы екі -үш күннің ішінде нан жабудың мастері болып шыға келдім.
Рамазан айы да келіп жеткен. Ауыз бекітіп, таңғы сəріге бір таба ыстық нанды жей салдым. Ең бастысы ниет. Рамазан айында ұстаған оразам мен тілеген тілегім қабыл болып, ата анам сауығып кетсе екен деген арман.
Наубайхананың да жұмысы оңай емес. Үлкен қазандыққа бір қап ұнды төгіп, ашытасың. Қазанның арнайы айналдырғышы дұрыс илей алмайды. Иін қандыру үшін, қолдың көмегіне жүгінемін. Қолды қазанның түбіне тығып, қамырды қайырамын дегенше, айналдырғышта келіп жетеді. Осы айналдырғыш наубайханада істеген талай əйелді қолынан айырып мүгедек еткенінен хабарым бар. Абайламасаң қолыңды қамырмен қосып айналдырып жібереді. Шапшаң қимылдау керек. Анам байғұс көбіне осыған алаңдайды. Төсектен сүйретіліп тұрып, жұмыс жасап жатқан маған келеді. Істемей-ақ қойшы деп жалынады. Жұмыс қанша қиын болса да, сездірмеуге тырысып, өтірік күліп шығарып саламын. Маңдайымнан сүйіп үйге қайтады. Ұйықтап қалды деп ойлап жұмысыма алаңсыз кірісемін. Сөйткен анам сəрісі кезінде жаңа піскен бауырсағы мен ыстық тамағын алып жетіп келіпті. Қанша ауырып тұрса да, бауыр еті баласы үшін батылданып кеткендей. Ана деген осы екен ғой!
АНА.
Табаларды майлап тұрған болып көз жасымды бір сығып аламын. Мына жас тоқтасашы. Парлап аққан жас бетімді жуып кетеді.Иығымның селкілдеп кеткенін ана жүрегі сезсе керек -
Қызым-ай . Тағы жылап тұрсың ба? Қорықпа мен де əкең де жазыламыз. Сен өзіңе қара. Дұрыстап тамақтанып ал.
Дəл осы сəт өзімді жазғырамын. Ораза ұстаймын деп ауырып жатқан анамды əуреге салып қойдым-ау. Түнімен тамақ пісіріп жүрген анамды ойлап, сол күні-ақ аузымды ашып жібердім.
Бұл наубайхананың тұрақты жұмысшысы жоқ. Демалысқа жібергісі келмейді. Үш- төрт сағат ұйықтаймын ба, жоқ па əлгілердің өтінішін жерге тастағым келмей, тағы да түн баласы ұйқысыз жұмыс жасаймын. Қамыр ашыту, оның əр бөлігін таразыға тарту, əдемілеп нанның формасына келтіру, бірінен соң, бірі пісіп үлгеретін үш қабатты екі пештің нанын күйдірмей сыртқа алып шығу оңай емес. Асығыстықпен табаларды жерге тастап жатқанда ыстық табалар аяқты да, қолды да талай рет күйдірген еді. Қамыр ашытатын суды даладағы құдықтан тартып əкелесің. Терлеп тұрып, сыртқа атып шыққанда терің қатып, өзің де бір жақты боласың. Тым жас едім ғой. Тер басып барып шықсамшы. Білместік. Соның зардабын міне қазір тартып жатырмыз. Кипительникті шелекке салып су ысытамыз. Ондайда тіпті шелектің сыртын ұстауға да болмайтынын қайдан білейін. Мен ақымақ саусағымды тығып, судың ысыған-ысымағанын тексеріп жүріппін. Осылай істеп тұрғанымды анам көріп шар ете қалғанда барып, шелекке салып тұрған қолыммен қоса тұла бойым дызыдатып тоқ ұрып, сонадайға лақтырып жіберді. Қанша жатқанымды білмеймін. Аманмын. Өлмеппін. Тұла бойым жансыз. Жүрек соғып тұр. Анамның шыр-пыры шығып жылап жүр. Міне содан кейін ол жерде істеуіме түбегейлі тыйым салды. Сонша уақыттан бері тоқ тартпай келіп, анамның шар еткен кезінде барып тоқ тарта қалғанына əлге дейін таңмын. Айтпақшы табиғатымнан қолым ашық жан едім.Жаным қиналып, күйіп-пісіп жүріп тапқан ақшамды өзге түгілі өзіме де қимай ойланып жарататын болдым. Сонда барып ата-ананың берген ақшасын болмашыға шашқаным үшін қатты өкіндім.

(Жалғасы бар)

Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста