"Атаңа нәлет-ай, саған күнімді түсіріп қойған өкімет-ай" деп ішімнен бір боқтадым

Қызымның аяқ астынан жүзім жегісі кеп, алып бере қояйын деп, ал атауын есіме түсіре алсамшы.Сатушы орыс екен. Құдай-оу, не дейтін еді деп, мың ойлансам да есіме түсіре алсамшы.
Кейінгі кезде жадымның нашарлап бара жатқанын байқаушы едім. "Қойш, жалғыз мен бе адамдардың бәрі сондай қазір" деп жүре берем ғой)))
Содан "Жүзім беріңізші" десем, не орысым түсінбейді. "Что?" дейді бетіме қарап "Атаңа нәлет-ай, саған күнімді түсіріп қойған өкімет-ай" деп ішімнен бір боқтадым да, "Вот эту, полкило дайте" дедім қолыммен көрсетіп
Орысым да бәле екен "ааа, виноград" демеді ғой әтеесссс))Бедірейіп салып берді де, ақшамды алып қоя берді. Ал сосын үйге келе жатып, жол бойы автобуста есіме түсіре алмай әуреленсемші. "Құдаай, орысша атауы қалай еді?" деееп әлі келем, әлі келем...Бір кезде үйге жақындағанда ғана барып есіме түсті ғой "Виноград!"
Өз елімде, өз жерімде күнімді орыс тіліне түсіріп қойған соң, не деймін. Общым, бар ғой өмірімнің тең жартысын жасап қойдым. Жасыма жетпей жадымнан айрылып бара жатқаным мынау. Енді мені қалған ғұмырымда орысша сайратпай-ақ қойыңдаршы, жарайма, өкімет))
Гүлжан Амангелдіқызы
Фейсбуктегі парақшасынан





