Әурет деген нәрсенің не екенін, күнәсі қандай екенін біліп алыңдаршы, құдай үшін!

Мешіттен шығып келе жатсақ, таяққа сүйенген бір апа құран оқитын бөлмені сұрайды. Қолынан жетектеп алып бардым. Іші толған адам. Бір таңғалғаным, әлгі жердегілердің көбі қыз-келіншек екен. Тізесі (әуреті) ашық, жалаңбұт, жалаңбас жүргендері де бар. «Орамал неге бермейді?» деп жатқандарын да естідім. Орамалды адам үйден тағып келеді. Мешіт сендерге орамал таратуға міндетті емес. Мешітте құран оқып беруге де міндетті емес. Құран оқитын бөлме – шәриғатты түсінбейтін, өздері оқи алмайтын осындай адамдарға арнап шарасыздықтан ашылған нәрсе! Құранды әркім өзі оқуы керек. Сосын, мешітке жалаңбұт, жалаңбас бара салатын дүмшелікті түсінбеймін. Күнә ғой ол да, қарап тұрсаң.. Әуретін жаппай, күнә арқалап жүрген ондай адамның қалай дұғасы қабыл болады, білмеймін... Мешіттен шыға салып, орамалын шешіп тастайтын екіжүзділіктері де қызық. Ең құрығанда діннің қарапайым ғана талаптарын үйреніп алсаңдаршы, өз дегендеріңмен жүре бермей.. Әурет деген нәрсенің не екенін, күнәсі қандай екенін біліп алыңдаршы, құдай үшін!
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан





