Аузындағы нанын Айнұр мен Құралай ханымға апарып беретін ақымақтарға дауа жоқ

"Менің немере сіңлімнің басында үй жоқ. Пəтерден пəтерге көшіп жүр. Айнұр деген айтыскер ақынның ақылымен ауырды, сосын Құралай ханым дегенмен ауырды. Пəтердің ақшасын əзер төлейді. Тіпті кейде жұрттан қарыз алып, төлейді. Құралай ханым дегеннің тренингіне барып, соны тыңдаса, пəтер алып кететіндей сезінеді өзін. "Соларға кеткен ақшаңды Тұрғынүйге сал" деп ұрсам. Пəтерге ақшасын төлей алмай жүріп, Құралайды қайтеді? Аузындағы нанын Айнұр мен Құралай ханымға апарып беретін бұл ақымақтарға дауа жоқ" деп жазыпты жекеме бір фейсбуктағы кісі. "Кеше Құралай ханым туралы жазбаңызды оқыдым. Осы хатымды парақшаңызға шығарып қойсаңыз болады. Менің немере сіңлім секілді адамдар аз емес. Тек атымды жазбасаңыз екен" депті.
Отандық арналары бюджеттен миллиондаған ақша алып, халықты топастандыратын арзан əзіл-қалжың, жасанды сериалдар түсіретін, интеллектуал хабарлар түсірмейтін, (болмаса, деңгейі жетпейтін) тұлғаларды таптайтын, түрмеге жабатын елде кім көрінген идеалға айналады.
Аягүл Мантай
Фейсбуктегі парақшасынан





