Бабаларымыз баяғыда айтқан теорияны, батыс ғалымдары енді ғана ғылыми дәлелдеді
Бабаларымыз данышпан болған ғой. Иа, алғаш тоқты ойлап таппаса да, ұшақ шығарып, көлік жасамаса да, ғаламшарды көктен көріп, оған атау тақпаса да, дала заңына сәйкес ерекше өмірлік философиямен күн кешкен. Көшпендінің философиясында барлығы домалақ болған. Киіз үй - домалақ, шаңырақ - домалақ, арба дөңгелегі - әрине домалақ, үстел - домалақ, ошақ - домалақ, тіпті символдары да - домалақ. Неге? Өйткені көшпенділер домалақ өмір циклін білдіреді және оған пәлекет жоламайды деп сенген. Ал енді Алаштың атасы осыдан алты ғасыр бұрын айтып кеткен теорияны, батыс ғалымдары ғылыми дәлелдеп, расымен шеті қыр затқа қарағанда, домалақ қырлы затта жаман энергия болмайды деп ауыздары ашылып отыр. Ал енді қарапайым мысал: Аласа домалақ үстелді еңбектеген бала жағалап тез жүріп кететіні бар. Атаңа нәлет үйде бәрі өзге өркениеттік қырлы үстел. Ұлымды әр қырына жеткенде ауыстырып отырамын) Қайтып енді көшпенді данышпан емес. Ехх, дөңгеленген дүние-ай. Оның да түбі домалақ!
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан