Бабаларың сені уаxаб, сәлаф, ақи болсын деп соғыспады

Біз құдайдың құлымыз дей тұра құлдық санамен күреспек болатынымыз қалай қазақтар.
Құл екеніңді мойындап тұрып кіммен күресесің?
Біз табиғаттың бөлшегіміз, аруақтар ата баба руxы қолдасын деп құлдық санамен күресуге болады. жаратушы менің құлшылығыма мұқтаж емес. Мен жаратушыға алғысымды, адамдарға қызмет етіп білдірем.
Өзің құлсың санаң құлдыққа кодиравайтетілген. Енді не үшін күресесің. Тілің орысша болып бара ма? Несі бар. Сенің дінің арабша ғой.
Киімің арабша болып бара ма? несі бар арабқа түскен кітапқа сыйынасың ғой. Қызың қытайға тие ме? Несі бар арабқа тисе қуанасың ғой мұсылман деп. Айтпақшы арабтар жылқының етін жемейді, жұмыр тұяқ деп. Сен де жеме құдай кітап берген арабтан артық емессің ғой.
Бабаларың сені уаxаб, сәлаф, ақи болсын деп соғыспады. Мықты ұлт болсын деді. Ешкімге құл болмасын деді. Ал сен болсаң өзіңнен өзің құл болып барасың.
Алмас Мустафа
Facebook-тегі парақшасынан





