Байшыкеш қазақтардың әйелдері үйінде «ойнас» жасау үшін ит асырағанын естіп, жағамды ұстадым

Бір жыл бойы кезек күтіп, Гүлжан Ерғалиеваның достарының тізіміне әрең ілінгенім кеше ғана еді, бүгін қайтадан достықтан шығарып тастапты. Иттерге жаны ашып жазған орыс мақамындағы бір постына пікір жаза салғанмын. Оның арты қып-қызыл дауға айналды. Сөйтсем, Гүлжан апайымның достығындағы аты ғана қазақтардың бәрі үйінің ішінде сасытып ит ұстайды екен. Сонысын дұрыс емес деп, ұлттық дәстүрден 1-2 мысал да келтіріп, үйдің ішінде ит ұстауға мүлдем болмайтынын айтқам. Сол сөзім апайыма да, пәтерінде итімен аймаласып отыратын қазақтарға да жақпай қалыпты. Содан міне, бүгін қайтадан достықтан шығып қалдым, ағайын! Орыстан көргенін істеп, соны мәдениет санап жүрген бұл мәңгүрттерге дауа жоқ екен. Үйінде ит ұстайтынын мақтанып айтып отырған екеуі - қарағандылық қазақ болып шықты. Біреуі әйел де, екіншісі – орта жасқа кеп қалған ағамыз. Қазақстандағы қалалардың ішінде ең мәңгүрттеніп кеткені – осы Қарағанды ғой деймін. «Орыс әлемін» жанын салып қорғап отыратын ватниктерден аяқ алып жүре алмайсың, өйткені. «Потерянное поколение» дейтін сөз бар орыстарда, бұлар да қазақ үшін жоғалған ұрпақ. Өткенде бір әңгіме естідім. Үйінің ішінде сасытып ит ұстайтын бұл «дәстүр» сонау Сәвет Одағы кезінде пайда болған екен. Сол кездегі бастықтар мен байшыкеш қазақтардың әйелдері үйінде «ойнастық» жасау үшін ит асырағанын естіп, жағамды ұстадым. Бұл қазақ сол кездің өзінде бұзылған екен ғой. Соны бір ағамыз ашып жазбақшы болғанда, артынан әлгі мәңгүрттер аузын жабу үшін оны өлтіріп тыныпты...
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан





