Бала көтеретін күнге дейін нумерологтар есептеп беретін болған соң не дейсің?

- Так, туған күнің, ай-жылыңды айтшы
- ....
- Адамдардың көңіліне қатты қарайды екенсің. Шешім шығаруың қиын екен...
- Осы нумерологтар мен Сюцайшылар балгерлердің заманауи нұсқасы емей не енді? Адамдарды бірден өзіне осылай қаратып алып, соңында тіпті өз айтқандарымен жүргізетін тобырға айналдырып жатыр солар.
Кәдімгідей, "сен үшін мынадай сан киелі," мынадай сан қауіпті", бәленінші числода өйтпе, керісінше мына күні бүйт", - деп тіпті бала көтеретін күнге дейін нумерологтар есептеп беретін болған соң не дейсің?
Байқамасақ, елде осындай секта пайда болыпты. Әсіресе, қыз-келіншектер құрығына қатты ілігіп жатыр... Өздерінше, мұның дінге еш қатысы жоқ деп қояды, бірақ адам тағдырын болжау Құдайға серік қосудың нағыз өзі емес пе? Үн қоса отырайық.
Mариям Абсаттар
Фейсбуктегі парақшасынан
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz





