"Балаларым аман болсын, тығып бірдеңе берер..."

"Балаларым аман болсын, тығып бірдеңе берер..."

Әкем үйге кірген бойдан сәлем жоқ, сауқат жоқ төтеден анама қарап:
-Кемпір, мен сенімен өмір сүру тәсілімді өзгертем, бүгіннен бастап жаңа қарым-қатынасқа көшеміз.
Анам әңгіменің соңы немен бітетінін аңғармаса керек, жайбарақат:
-Ия, ол қандай тәсіл?
Әкемде жауабын көп күттірмеді:
-Бүгіннен бастап әркім өз пенсиясын өзі ұстайды, әркім өз ақшасына өзі қожайын болады. Айына алатын 50 мың ақшамнан қолыма тек 500 теңге бересің, қалғанын өз еркіңде жұмсап келесің. Бұлай өмір сүру мүмкін емес, қанаушылыққа көне алмаймын. 60 жыл болды бірге тұрамыз, 60 жыл болды табысымның қожайыны сенсің. Дамыған батыс елдерінде бұндайды диктатура дейді, енді бізде демократия болады, көнсең осы көнбесең құдашаның қолына кетем!!!!!
Бұндай түйдектеген саяси ұрандарды, аяқасты тыңнан айтылған жаңа көзқарасқа және қарым-қатынасқа Анам түгіл бізде дайын емес едік, қатты сасқалақтап қалдық. Жоқ, дегенмен 60 жыл үй басқарып әдіктеніп алған анам бірден қарымта шабуылға кетті:
-Аааааа, демократия екен ғой саған керегі, жақсы ұсынысыңды қолдайын, тек сенде мені онда жақсылап тыңдап ал. 1) әркім өз тамағаны өзі жасап ішеді.2) әркім өз ыдысын өзі жуады. 3) әркім өз кірін өзі жуады, - деп айтып болғаны сол еді әкем болашақта не күтіп тұрғаны көз алдына елестеп кетті ме, бірден жеңіле салды.
-Ой, Ореке, мен жай әзілдеп едім, 80-ге келген шалға ақша не керек, - деп қалаға барып алып келген зейнетақысының тура 49500 теңгесін санап анама өткізіп, өзіне тиесілі 500 теңгесін әмианына салып қойды, екі көзі 500 теңгесінде қалай бір айға жеткізем деп ойлап тұра-ау деймін? Бір кезде:
-Балаларым аман болсын, тығып бірдеңе берер, - деп күбірлеп сыртқа шығып кетті. Осы көріністен кейін мені балалары жоқ кәрілер аз ақшасына қарап не күбірлейді екен деген ой мазамды алды.

Рашид Жақсылықов
Facebook-тегі парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста