Балам, мен сені əкім болмайсың деген жоқпын, адам болмайсың деп ем

Баяғыда əкесі кеудесінде нан піскен ұлына қарап тұрып:- Балам, мына түріңмен сен түбі адам болмайсың-депті налып.
Əкесінің бұл сөзіне қатты шамданған ұлы үйден бір жолата кетіп қалыпты.
Жылдар өтіп, баласын ел танып, білдей бір қаланың əкімі болып сайланса керек.Шеніне шекпені сай болған уақытта өзінің жетістігін көрсетпекке ауылдағы əкесін алдыртыпты.
-Əке, есіңде ме, сен мені адам болмайсың деп ең, мен міне, ел басқарған əкім болдым.Сол күнгі сөзіңді қайтып аласың-ау деймін-депті мысқылдап. Сонда əкесі: - Еее, балам, мен сені əкім болмайсың деген жоқпын, адам болмайсың деп ем. Сен əлі де адам болмапсың - деген екен.
Бағдат Амангелді
Фейсбуктегі парақшасынан
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу