"Баланы тапсаң өзің үшін табасың" деген шенеуніктерді де көргенбіз

"Баланы тапсаң өзің үшін табасың" деген шенеуніктерді де көргенбіз.
Бес баланы мен үшін тауып па деп отырғандары да бар арасында. Қазақстанның үкіметі тасбауыр ғой. Бізде халықтың сөзін сөйлейтін адам көрдіңіздер ме өзі.
Кеше бір 9 баласы бар анамен сөйлессем "жаным қысылғанда алтын алқамды алып барып ем ломбардтар да алмай қойды" дейді. "Таза алтын емес" деп. Алтын алқа деп әспеттегендері не керек сонда?!
20 бала тапқан ананы білем мен. Қамаш Сейітжанова апамыз. Ол кісінің де үкімет шекесін шылқытып жағдай жасамады.
Бес бала түгілі 20 бала тапсаң да үкіметіңнен қайыр жоқ. Сонда біздің шенділер кім үшін отыр жоғарыда?! Өздері үшін отыр. Тек өздеріне жайлы жағдай жасау үшін ғана мінбеге шығып жақсы сөз айтып, жайлы креслоның рахатын сезінуде. Ал халыққа келгенде олардың айтатын ұраны " өз күніңді өзің көр" деп лыпылдайды дерсің.
Қарлығаш Зарықханқызы
Фейсбуктегі парақшасынан





