"Барбос" пен Ақтөс...

"Барбос" пен Ақтөс...

"Барбос" деген құрдас бар. Бала кезден бірге өстік. Оның неліктен иттің атын "иеленгенін" ешкім дөп басып айта алмайды. Əркім өзінше тұспалдайды. Өз басым кейде түрін сол "жеті қазынаның біріне" ұқсатып қаламын. Кейбір қылықтары да итке келетіндей ме?.. Құрдас болған соң қалжың да қатты. Той-томалақта мүжілген сүйектерді жинап "Барбостың" алдына табақпен тартқызған да күндер болған. "Өкпелемешідегі" үйінен кетіп қалып, досының үйіндегі Ақтөсті құшақтап отырып, "əйелімнің "Барбосы" болғанша сенің Ақтөсің болайыншы" деп жылайтын кейіпкер де осы "Барбос"!
...Сол Ақтөс жуырда он бестен он алтыға қараған шағында жүріп кетіпті. Оны ауылдан хабарласқан иесі айтты. Бір "жаман" ойдың келе қалғаны...Маған да "Барбостың" жасаған "иттіктері" бар еді. Қайтарудың реті келгендей.
...Таң азанмен, күн шықпай Қалқаманда тұратын "Барбосқа" телефон шалдым. Əдейі осындай уақытты таңдадым. Есі дұрыс адам ертелетіп телефон шалмайтынын білеміз ғой. Шұғыл хабар болмаса...
-Қалайсың достым, - дедім көңілсіз. - Таң атпастан мазаңды алғаныма ренжімеші!
-Не болды?
-Бекем болшы! Айырылып қалдық қой!
-Кімнен?
-Бізді қойшы, екеуің жақын едіңдер ғой. Туыстықтарың да бар...
Телефонның ар жағындағы құрдасымның дауысы дірілдей бастады.
-Айтсаңшы енді, кім деймін саған?
-Əлгі ауылдағы...
Сөзімді аяқтап үлгермедім. "Барбосым" еңіреп қоя берді. Не дейін, солығын басқанша тыңдадым да тұрдым. Болды-ау дегенде əңгімені жалғастырдым.
-Бекем бол дедім ғой саған! Ана Бақа достың үйіндегі Ақтөс жүріп кетіпті...
..."Барбос" сəл үнсіз қалып, сосын есін жинап, жеті атамды түгендей бастағанда телефонды қоя қойдым.
...Сəлден соң басқа құрдастардан да "Барбостың" "соткасына" Ақтөске көңіл айтқан смс-тер кетіп жатты...

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста