Барып тұрған жауапсыздық, немқұрайлылық.

Кейде ақ халаттыларға обал жоқ дейсің, өз қадірлерін өздері қашырады.
Соңғы уақытта дәрігер, соның ішінде педиатр, невропатолог, узист дегендерге өте көп барып жүрміз. Жағдай соған әкеліп тұрған соң. Учаскелік мамандарға көңіл толмағаннан кейін ақылысы дұрыс-ау деп оған да бардық. Бірақ бәрі бірдей. Бірі тегін болғандықтан немқұрайлық танытады, екіншісі құр ақша алуды ғана ойлайды. Соған анық көзім жетті. Өзіңнен сұрап алған ақпаратты қағазға сықитып толтырып, жазып қана отыра береді. Сосын бірінің рекомендейшінің екіншісі мойындамайды екен. "Бермеңіз, ол дұрыс емес" дейді сұрасаң.
Сіздерде бәрі "жақсы" деп ақылы дәрігер кабинетінен шығарып салған күні ауруханаға түстік. Бір емес, бірнеше рет.
Барып тұрған жауапсыздық, немқұрайлылық.
Таяуда мынадай жағдай болды. Анализ тапсыруға келген едім. Медибеке менің алдымда ғана бір кісіге қолданған құрылғыны тазамастан, сүртпестен маған да іле-шала қолданғалы жатыр. Өзім куә болып тұрған соң баж ете қалдым: "Мұныңыз не?" деп. Сөйтсем, кешіріңіз деудің орнына: "Салмасам салмай-ақ қояйын, онсын да өзімнің зауқым жоқ", - дейді қасқаң бетіме бақырайып қарап. Ауырып тұрған соң тайталаса да алмадым. Вирус жұқтырып алармын деп қауіптендім де бездім, сүртіп келдім деген сестраға қарамастан.
Бізде әрбір маман осындай немқұрайлыққа жасаса, әрине, өспейміз, жүйеміз жүрмейді.
Басыңды шайқасың, басқа не істей аласың.





