Бас басыңа бай қайда,...

"Сананы тұрмыс билейді"
Непалда ағайынды жігіттер әкеден қалған ұлтарақтай жерді бөліп, енші алмау үшін ортақ бір қатын алады..
1723-25 жылдардағы "Ақтабан шұбырындыдан" кейін ат жалын тартып мінерлік ер-азамат азайып кеткенде Төле би бабамыз
"Бас басыңа бай қайда, баққа қара,
Шал да болса тиіп ал екеу ара!" - деген ұран тастаған.
Бұл енді шамамен 1730 жылдар..
Ал қазақ жерінің жоңғардан толық тазарған кезі 1747-1748 жылдарға тура келеді.
- Арасында байланыс бар ма?
- Бар!
Дұрыс түсініңіздер..
Мен ешкімді тоқал ал деп үгіттеп отырған жоқпын.
Бірақ, екінші әйел болуға көнетін қыз бен халықтың үстінен күн көретін депутат немесе ірі шенеунік болмаса, екі әйел алған азаматты күстаналамайық...
Сол тоқалдардың бірінен "көгімізге өрмелеп шығып күн болатын" азамат туып қалса ғажап емес...
Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан





