Басқа тілді 8 айда үйреніп, қазақ тілін 8 жыл оқыса да үйрене алмайды
Докторантурада оқып жүрген кезім. Стамбулда Университеттен тыс әр тақырыпта болатын профессорлардың семинарларына қатысатынмын. Бір күні семинарға ерте барсам бір сары қыз отыр екен. "мераба" деп амандасты. Сосын қайда оқисың? қай мамандықта? деп түрікше сөйлесіп отырмыз. Түрікшесі жақсы, тек акцент бар екен. Мынау бір балканнан келген шығар деп "Nerelisin? (қай жақтансың)” деп сұрадым. Ол тұрып “Kazakistan” деп жауап берді)) Сөйтсем Қостанайдың орыс қызы екен. Түрікше күшті үйреніпсің десем. "Иә 8 айда үйреніп алдым ғой. Бұл жақта түрікше білмесең университетте оқи алмайсың, тіпті оқу тілің ағылшынша болса да" дейді. Түрікше білу міндетті дейді. "Қазақша білесіз бе?"десем. "НЕЕТ" деді.
Мектепте және универде орыс топтарына қазақ тілі деген сабақ болады емес пе?! Басқа тілді 8 айда үйреніп, қазақ тілін 8 жыл оқыса да үйрене алмайды. Әлде біз дұрыс үйретпейміз бе?!
facebook.com парақшасынан