Басқаның көңіліне қарауды доғар — бұл мінезді түп-тамырымен жұлып таста
Бәрін өзгерт!
- "Пайдасы жоқтың бәрін таста!!! Дәл қазір. Жина да қоқысқа таста!
- Мәселен, ылғи аяғыңды қажайтын, кисең болды сүріне беретін туфлиді. Бір жағы істемей қалған құлаққапты. Ескі сервизден қалған жалғыз тәрелкені. Сыртқа шығарып, қоқыстың жанына қалдырып кет. Керек қылған біреу алар. Диетаның тізімін таста. Тоңазытқыштың сыртында ілініп тұрған. Қалжыңсыз)
- Күнде кешке таман хабарласып: "Неткен сұмдық!" дейтін қимасың болады. "Иә, әрине!" деп тұрып ойың басқада болса, нең бар оның сұмдығында, екінші жауап қатпа.
- Таңертемен: «Тағы бес минут!» — дегенің телефондағы таймерге бәрібір. Не қарғып тұр, не ерте жатып дағдылан. "Ұят боладыға" тіреп, оятқыш қойма. Істемейді!
- Баяғыда істеген істеріңе, таңдауыңа, қарым-қатынастарыңа бола өкінбе. Өкініштің түк пайдасы жоқ. Бәрі дұрыс. Сол кездегі сен үшін ол ең дұрыс шешім болған. Сабақ алғаныңа разы бол.
- "Ал, егер..." деме. Ешқашан. Шамаң келсе, істе. Ұнаса — ары қарай жүр. Жапон тілі ұнаса — үйрен, танысқың келсе — хат жаз, басқа жұмыс керек пе — ауыс, шашың ұнамай ма — өзгерт, көңілің тартса — театрға бар. Тағысын тағылар... Тура ертең ұнаған бір істі тындыр. Ойланба. Әрекет қыл.
- Қайта-қайта кешірім сұрау әдетінен арыл. Бір рет айтсаң да жеткілікті. Егер шын себебі болса. Қалғаны артық.
- "Шабадан қарым-қатынас" — бір болу қиын, тастау аянышты. Қолың талмады ма? Әдемі дөңгелегі бар қымбат кейстерге көш. Өзі жүреді. Рахат. Әдемі, жеңіл, жайлы, сенімді. Сөздің төркіні түсінікті ме?
- "Әйтеуір кездесеміз" дейтін уәде, қол тигенде хат жазам, істеймін, ала келем, сыйлаймын дегендер — аптадан артық ауада ілініп тұрса, оған дейін ешкім өліп қалмаса, соның бәрінің түк қажеті болмағаны. Ол адам артық жүк. Таста. Жеңілде.
- "Қолымнан келмейді" не "мұны түсінбеймін" деген сөздер — пайдасыз. Оқы, түсін, біл, жасап үйрен, білетін адамның ақысын төлеп істет. Бірақ істе. Өмір өз қажетсіздігіңді түсінуден емес, өмірді жеңілдетуден тұрады. Солай емес пе?
- Көзіңе жас үйіріліп, көңілді сыздататын естеліктерден арыл. Шамаң келсе, ұмыт. Қайтадан еске түссе — «delete»- ті бас. Өмірді улай берме. Енді өзгерте алмайтын нәрсеге бола жылама. Өтті, кетті.
- Үнемі елдің ығына жығылып, "жақсы адам" боп көрінуге тырысу, айтарың бар кезде де басқаның көңіліне қарауды доғар — бұл мінезді түп-тамырымен жұлып таста. Айт, пікір білдір, сұра, түсіндір. Әдепті түрде, мәдениетті түрде өзіңнің ойыңды жеткізіп үйрен. Жақсы адамдар жұмаққа барады, ал жамандар кез келген есікті ашады.
- Қартаюдан қорқу, жаңадан үрейлену, өз сұлулығыңа күмәндану, бақытыңа сенбеу — бәрін қалың қалтаға сап, отқа таста. Күлін көкке ұшыр. Мұның бәрі өмір сүруге кедергі. Еш көмегі жоқ.
- Сынған есік, айна, тұтқа, асүйдегі пеш, шәугім, шайнекті жөндеу қымбат. Таста. Жаңасын аласың. Өзің қалағаныңды ал. Интернетте уақыт өлтіруді доғар.
- Осыны оқып болған соң көшеге шығып, серуендеп кел. Далада бәрі басқаша. Самал жел, күн, жауын, қар. Жаяу жүр. Тыныста. Айналаңа қара. Тазалықты сезін. Мұның бәрі өмір ғой. Тіршілік. Бұлар саған жұмыс істейді".
Алла Эльман
Аударған Шынар Әбілда
Фейсбуктегі парақшасынан
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу