Басында 1 үйі жоқ адамдарға үй алу арман болып қалмасын десе, заңға қол қойылмағаны дұрыс

***Зейнетақы жүйесін түбегейлі өзгертейін деп тұрған Заңға биыл Президент қол қойған жоқ. Әлі де үміт бар, БЖЗҚ-дағы триллиондарға көзін тіккен мың лоббисті бір Президент басып кете алады.
 
***Мені тыңдайтын адам болса, зейнетақы жинақтарының "артығын" салымшыларға мойнындағы ипотекасын төлеуге ғана, ал ипотекасы жоқ болса, "Отбасы" банкінің депозитіне салуға ғана рұқсат беру керек.
 
Қазіргі Парламент мақұлдаған заң ипотекаға қолдан сұраныс туғызып, жылжымайтын мүлік бағасын өсірейін деп тұр.
 
Біз мұндай жағдайды 2004-2006 жылдары бастан кешірген болатынбыз. Сол кезде менің 2002 жылы 5 мың долларға алған 1 бөлмелі пәтерім 120 мың долларға дейін саудаланған еді.
 
***Басында 1 үйі жоқ адамдарға үй алу арман болып қалмасын десе, заңға қол қойылмағаны дұрыс.
 
 
 
Айгүл Мыңжасар
Фейсбуктегі парақшасынан





