Белгісіз аурулардың латынша атауын қазақшалаймын деп әуреленудің қажеті шамалы...

Адамның мүше атауларының, "естір құлаққа ыңғайсызы" да, "мәдениетті, көркемі" де жетіп артылады... Адамның мүшелеріне жаңадан Атаусөз ойлап табам деп, немесе белгісіз аурулардың латынша атауын қазақшалаймын деп әуреленудің қажеті шамалы... "Сіз" естімеген көне атаусөз болса "ондай сөз жоқ" деп шешім жасау да жөнсіз... Мысалы: күпек, дәнек, ұма, шәует, сарпай, деліткі, т.с.с. толып жатқан дене мүшелерінің қазақша әдеби атауларын естімеген адамдар бар... (бұл мүшелердің анайы, боғауыз атауларын, сленг атауларын жазбай-ақ қояйын ...), аурулардың қазақша атауларының түрлері де толып жатыр. Мысалы; қыспакүпек, қылкүпек, күл, жәншау, күлдіреуік, бөсір, кірне, түйнек, күйдіргі, күбіртке, қадақ, құяң, тағысын тағы толып жатыр. Осы атауларды шатыстырып теле-радио-эфирден айта салатын, газет-журналдарға жаза салатын, сөздік ашпайтын журналистерді түсінбеймін.
Мухамбедия Ахмет-Төре
Фейсбуктегі парақшасынан





