Білім артық па, байлық па?
Мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әліден "Білім артық па, байлық па? "деп сұрапты.
Сонда Ол кісі:
1. Білім артық, өйткені ол Пайғамбарлардан қалған мұра,
2.Білім артық, өйткені ол сені бағады, ал байлықты сен бағасың,
3. Білім досынды кобейтеді, байлық дұшпаныңды,
4. Білімді ұрыдан қорудың қажеті жоқ, ал байлығыңның өмір бойы қорғаштайсың да жүресің,
5. Білімің артқан сайын, саған деген құрмет те өседі, байлығың еселенген сайын қызғаныш артады,
6. Білімің қанша көп болса да, оған есеп-қисап жүргізбейсің, ал байлықты ұдайы есептеу қажет,
7. Білімді іздей берсең көбейеді, жұмсағанмен азаймайды,
8. Білім қанша көп болса да, іріп-шіріп бүлінбейді, ал байлық бүлінеді,
9. Білім жаныңды байытады, байлық тура жолдан тайдыруы мүмкін,
Білімді адам орнымен сөйлейді, ал бай адам оған мас болып, мақтанады, астамшылық көрсетеді, - деген екен.
Mариям Абсаттар
Фейсбуктегі парақшасынан