Бір дəрігердің қызын алыстан көріп жылаған видеосын көріп мен де көз жасымды тыя алмағанмын...

Бір дəрігердің қызын алыстан көріп жылаған видеосын көріп мен де көз жасымды тыя алмағанмын...

Қазіргі жағдай дəрігерлер мен медбикелердің мəртебесін арттырып, халық арасындағы беделін көтеріп алуға таптырмайтын мүмкіндік негізі. Жұртшылық дəл қазір ақжелеңділерді қолдауға əзір. Банктер, кейбір компаниялар коронавируспен күресіп жатқан мамандарға қаржылай көмегін де беріп жатыр. Бұйырса, бір күндік жалақыларын аударатын мекемелер де табылып қалар. Мұндай мүмкіндікті пайдаланып, індетпен шынымен бетпе-бет келіп, ауырғандарды емдеп жатқан мамандарды көтермелеп, келіп түсіп жатқан ақшадан ұдайы сыйақы беріліп тұрса... Жарайды, қаржыны қалай жұмсарын Денсаулық сақтау министрлігі өзі білер, айтпағым, күндіз-түні тынбай жұмыс істеп, қауіпті аурудың өршіп кетпеуіне барын салып жүрген дəрігерлердің жанкешті еңбегін министрлік халыққа ұдайы жариялап, көрсетіп отырса деймін. Ел көрсін, білсін дəрігердің жұмысы қандай ауыр екенін. Мысалы, індет кезінде Қытай өз дəрігерлерін қалай төбесіне көтерді? Олардың əр еңбегін жариялап отырудан танбады. Ауруларды емдейміз деп шаршап-шалдығып, отбасына да жете алмай, апталап, айлап ауруханада түнеп жүргенін де, вирус тасымалдамасын деп еркек дəрігерлер шашын қырып, əйелдері қысқартып алып тастағанын да, бет-ауызын үнемі тұмшалап жүргендіктен көзі ісініп, беті көгеріп кеткенін де, сырқат жандардың көңілін аулаймыз деп ұжыммен билеп бергенін де Қазақстанда отырып біз біліп отырдық, қандай жанкешті еңбек деп таңдай қақтық. Бір дəрігердің өзіне тамақ əкеп берген кішкентай қызын алыстан ғана көріп, құшағына қыса алмағаны үшін жылаған видеосын көріп мен де көз жасымды тыя алмағанмын... Мұндай фото, бейнежазбаларды көргенде дəрігерге деген құрметің өзінен-өзі артып кететіні шын. Ал біздің дəрігерлерге арналған "пиар"... дарынсыз актерлердікі сияқты. Анау челландж не ал? Бір бет компьютерден шығарған қағазды ұстап алып: "сен үшін мен жұмыста қалдым, сен үйде бол" деп. Кешіріңіздер, бет-аузы ашық-шашық, басы жалаңбас ақхалаттылардың коронавируспен күресіп жүр дегеніне өлсе де сенбес едім. Адам деген кішкене болсын образға кіру керек қой. Біздікі сынау-мінеу емес, министріміз Yelzhan Birtanovтан бастап, барлық дəрігерді өз басым шексіз құрметтеймін. Өзіміз талай ақжелеңдінің көмегіне жүгінгенбіз. Бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды, əлі талай дəрігердің алдына барамыз да. Олардың жұмысына қатысты бірдеңе деп жатсақ, бұл жақсы болса екен деген жанашырлық ниеттен туған дүние ғана. Қазіргі күрделі кезеңде бірінші дəрігерлердің біліктілігі мен кəсібилігі сыналайын деп тұр. Бұл ауыртпалықтан мамандарымыз кеудесін тік ұстап, абыроймен шықса, халықтың да оларға деген сенімі мен құрметі арта түсер еді. Тіпті ақхалаттылардың үстінен айтылып жататын арыз-шағым да азаяры сөзсіз. Өйткені мылтықсыз майдан болса да жауды жеңіп шыққан батыр- елдің де сүйіктісі. Ендеше, жаман ауру жағадан алып тұрған мынадай тұста дəрігерлеріміз бен медбикелерге тек абырой тілеймін! Өздеріңіз де аман-есен шығып, ауырған жандарды да аман алып қалыңыздар! Біз сіздерге сенеміз!

Қымбат Тоқтамұрат
Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста