Бір сағаттық өмірің қалса не істер едің?
Бір кісіден:
- Бір сағаттық өмірің қалды десе, не істер едің? – деп сұраған екен, ол:
- Бір сағат бойы тек қана намаз оқыр едім. Алладан жарылқау сұрар едім, - деп жауап беріпті.
Осы сұрақты екінші кісіге қойғанда, ол:
- Бар малымды кембағалдарға таратып сауап жинап қалар едім, - депті.
Ал үшінші адам:
- Мен алғашқы жарты сағатымды білім алуға жұмсар едім де, қалған жарты сағатымды сол білімді басқаларға үйретер едім, - депті.
Осы үшеуінің әрекетінің ішінде ең қайырлысы, Алла Тағалаға ұнамдысы – соңғы кісінікі екен. Сондықтан білім үйреніп, оны елге тарату – әр мұсылманның парызы болып табылады. Бірақ, мұндағы білім деп отырғанымыз пайдалы-пайдасыз ақпараттар жиынтығы емес, Алланы тану, тақуалықты арттыру жолындағы ізденіс.
Ақырет күнінде ислами көзқарастан ада, Алланы танудан алыс жатқан «ғылымға» бүкіл ғұмырын сарп етіп жиған ілімі еш пайда бермейді.
Нұрбақыт Меллетұлы
Facebook-тегі парақшасынан