"...Бірің өліп, бірің қал"...

Мына вирустың адамдардың мінезіне әсерін психолог маман былайша талдау жасапты.
Арасынан өзіңізді тауып алыңыз:
1. Эгоистер: "...бірің өліп, бірің қал". Мен әлі 60-қа жеткем жоқ;
2. Мазасыздар: ...бұл біз ойлағаннан да сұмдық індет екен...
3. Үрейленгіштер: ...біз бәрібір өлеміз, ақырзаман жақын. Тез азық-түлік алыңдар, дәретхана қағазын ұмытпайық...
4. Үрейге қарсылар: ...маңайымызды мына дүрліктіргіштер басып кетті-ау...
5. Математиктер: ...аймақтың нөл бүтін бірдеме-бірдеме бөлігіне тараған ауру жұқтыру көлемі 10, 01-ге жоғарылады...
6. Вирусологтар: ...бұл вирус тұмаудан да қауіпті, тұмаудан да көп адам шығынын әкеледі...
7. Нәсілшілдер: ...вирус тек қытайларға ғана жұғады. Барлығына кінәлі сол қытайлықтар...
8. Көпшіл адамдар: әр 10 минут сайын желіде өзінің денсаулығы мен көңіл -күйін баяндап, ақпарат таратып отырады.
9. Тәуекелге барғыштар: " мен қазір метроға барам, вирус жұғып, өліп қалмасам, мұрагерлік туралы өсиет жазам" дейді.
10. Әзілкештер: тәжвирус Қазақстанға кіре салысымен ОРВИ-ге айналып кетеді.
11. Әзілді ұнатпайтындар: адамдар жан тапсырып жатқанда қалай ғана әзілге ауыздарың барады, а?
12. Оппозиционерлер: үкімет мүлде сылбыр, өз міндеттерін атқара алмауда. Вирусқа қарсы әрекетте олар адамдардың бостандығын шектеуде...
13. Бейтараптар: үкімет өте сауатты қимылдауда. Олардың тыңғылықты, жүйелі әрекеттеріне тек қана құрмет көрсетуге болады.
14. Ақырзаман сәуегейлері: жер шары адамзат деген қоқыстан тазарып жатыр.
15. Экономистер: ең үлкен соққы экономикаға тиетін болды.
16. Революционерлер: бұл капитализмнің ақырына жетудің басы...
17. Қастандық теориясын жақтайтындар: Барлығы массондардың ісі, солардың жасап жатқан қастандығы.
18. Жұртқа басу айтатындар: соншалықты қиыншылық емес, бұдан да өтеміз. Одан да мысықтың сүйкімділігіне қарашы.
19. Өз-өзіне басу айтқыштар: мен үрейленбеймін, 500 орам дәрет.қағаз, 300 келі күріш, 100 қап ұн т.б. заттар алып қойдық...Бір әжетімізге жарар, болмаса тұра береді ғой...
20. Алыпсатарлар: тәжвирустан сақтайтын тұмарды бар болғаны 5000$ сатам.
21. Парасаттылар: вирус, індет -бұл ақырзаман емес. Барлық қауіпсіздік шараларын ұстанып, тәртіп сақтап, карантинде отырсақ, біз жеңеміз.
22. Тәж-вирустың адамдарға әсерін классификациялап отыратындар.
P/S Психолог Д. Тлеповадан Ә. Толысбаева аударған екен...
Ал сіз кімсіз?
Анаргүл Шалғынбай
Фейсбуктегі парақшасынан





