Біз жалқау емеспіз ғой. Біздің елде тұрмыс қиын, тіршілік ауыр...

Біз жалқау емеспіз ғой. Біздің елде тұрмыс қиын, тіршілік ауыр...

Екеулеп жүріп, күндіз қос-қос жұмыс істеп, кешке компьютерге таласып, қосымша тапсырыс алып, тыным таппаймыз. Екі түйір баламыз бар, пәтер жалдамаймыз. Азын-аулақ несие төлейтініміз болмаса... Соның өзінде қымбатшылықтан әсіресе айдың ортасында қиналып қалып жатамыз.
Бір демалыста 12-ге дейін ұйықтап көрмеппіз. Алматыда тұрғанымызға 15 жыл болады. 30 күн толық отпуск алып көрмедік. Негізгі жұмысыңнан демалыс алсаң, қосымша жұмыс тұрады дегендей.
Кейде тәулікте 30 сағат болса ғой дейсің. Ұйқытай тұру үшін емес, шаруаңды дедлайнға үлгерту үшін.
Сөйтіп жүріп, 2300$ жалақы алып көрмеппіз. Сөйтіп жүріп, өзімізді жалқаумыз деп қамшылап аламыз. Сөйтіп жүріп, ақша жетпейді, жұмысты аз істеп жүрміз бе деп ойланамыз. Сөйтіп жүріп, кейбір дүниелерге (әсіресе театрға, киноға баруға, үй шаруасына) үлгермегеніміз үшін өзімізді іштей жейміз.
Қарап отырсам, Алматыдағы дос-таныстарымның бәрі сондай. Оның арасында таңғы 5-те тұрып сабаққа бала тасиды. Бүгін Zira Nauryzbai апайдың постын оқып, ойладым. Шынымен, біз жалқау емеспіз ғой. Біздің елде тұрмыс қиын, тіршілік ауыр...
Жастардың, әсіресе, шығармашылықпен айналысатындардың арқаны кеңге салып, жайланып отырып, үлкен дүниелерді өмірге әкелуге мұршасы жоқ.
Ал біз сөйтіп жүріп... бір-бірімізге неге өзіңді-өзің дамытпайсың, өзіңе қарамайсың, кітап оқымайсың, бизнес ашпайсың, бірдеңе бастамайсың т.т. деп ұрсамыз...
Ех, 2300$!!!

Баян Хасанова

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста