Бізде де сондай намыссыз мәңгүрттер көп, не істеп жүргенін білмейтін...
Бұтына шұлтиған дамбал (шорты) киіп алып шыртиып жүретіндерді түсінбеймін. Шортиының тізесін шұлтитып, борбайына дейін ашып тастап жүретін ессіз еркектерді айтып отырмын. Грозныйға Ресейден бір топ орыс келіпті. Он шақты адам. Солар көшеде сөйлесіп тұрған. Тізесі, саны ашық шорты киіп алыпты бәрі. Бір шешен мәшинемен қастарына келіп тоқтай қалды да, «Мына жерде біздің қыздарымыз, әпкелеріміз, әйелдеріміз жүреді, Давай, мәшинелеріңе кіріңдер бұттарыңды жалтыратпай!» деп қуырып жіберді әлгілерді. Орыстар қуыстанып, қорқып қалды бір шешеннен. Шешенннің неге сонша намыстанғанын түсінген жоқ. Орыстарда әурет деген ұғым жоқ қой. Қара сандарын ашып тастап жүре береді. Бізде де сондай намыссыз мәңгүрттер көп, не істеп жүргенін білмейтін...
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан