Бізде қыздың ары дегенде ұлдың намысы жетерлік, ол жағына сезімтал халықпыз

80 жылдары, совет заманы бұрын Целиноград қаласында тұтас сыған поселкі болған екен. Сонда тұратын сыған жігіт қазақ қызын зорлап өлтірген мыс.. Соған қазақтар қатты көтеріліп күллі сыған атаулыны қаладан бір күнде көшіріп жіберіпті. Бұл оқиға көнекөз Ақмола тұрғындарының әлі есінде. Сығандар үй - жайын тастай қашып вокзалда тұрған кез келген пойызға отырып беті ауған жаққа жөнелген екен. Сол 80 жылдардың аяғы осыған ұқсас жағдай Жаңаөзен қаласында болды. Онда кавказдықтар көшті. 86 да Алматыдағы алаңда барша жанжал да солдаттар қыздарға қол салғанда басталған еді ғой... Одан бергі тәуелсіз Қазақстан тарихында "қазақ қызының арын қорғаймыз" деп тағы ішкі қақтығыстарда қазақ жігіттері біраз дүркіреді. Жалпы бізде қыздың ары дегенде ұлдың намысы жетерлік, ол жағына сезімтал халықпыз айтары жоқ. Тек соны бүгінгі қыздар жөнімен бағалай ма екен, ол да өз алдына бір әңгіме...
Мен кейде бұл табиғи түрде баяғыдан келе жатқан біздің қанымыздағы бар нәрсе ау деп те ойлаймын...
Біздің қыздар да қазақ жігітіне "мені қорға" деп өздері емініп тұратындай шіркіндер. "Аға" дейді ғой е, сүйген жігітіне.. (!!)... Біздің әдебиеттегі ғашықтар жыры да осы "ағадан" басталады. Сәбиттегі Ботагөз Асқарды аға дейтін, Нұршайықовтағы Меңтай Ерболды ағалайтын, Абайдың Әйгерімі...Бәрінікі осы. "Ей пәленше" деп жігіттің атын атап дікеңдеген қазақ қызы бұрын болмапты. Бейбақтар іштей ғашық боп өліп - өшіп тұрса да, аға деп майысатын. Демек, қазақ жігіті қазақ қызының танымында ең алдымен ағасы, яғни, арқа сүйер қорғаны. Сосын олардың көздерін мөлдіретіп қалай қорғамасқа... Сонау заманнан бізде осылай келе жатыр екен.
Қазір осыны түсінбейді көбісі, біздің табиғи ділден жырақтап кеткен орыстілді қазақтар әңгіме қыздың арына тірелгенде, "мен олардың бұтын аңдымаймын, а...ашыр емеспін, кіммен жатам десе де қыздың өз шаруасы" деп беттері безірейіп тұрып алатын болыпты, осы жері тура орыстар сияқты. Тіпті бұлар намысқой қазақ жігіттеріне "а..ашыр" деген жаңа атау беріп қойыпты қазір..
Өзім "біздің жігіттер қашанда қыздарымыздың арының қорғаны болудан таймауы керек, оларды қызғануы керек және қызғана отырып қорғауы керек" деген пікірдемін. Себебі, сұрауы бар қыздар қашанда сыйлы, қадырлі болады емес пе....
Жігіттер, Атырау, қолдаймын.
Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан





