Біздегі әнші-сайқымазақтар араб елінің қазынасын толтыртады

Дәл қазір үйіме генеральный уборка жасап жатыр едім.
Қолым тигеннен соң Дубайдағы араб жігіттің хикаясын жазамын. Әзірге мына киелі Түркістандағы суретімді салайын.
Меккеге бармасын демеймін. Барсын!!!
Орамал тақсын қазақ аналары секілді. Менің анашым ақ орамалын ешқашан басынан шешкен емес. Сонысымен әдемі.
Біздегі әнші-сайқымазақтар тегін жарнамаға өздері барады да, аңқау елдің қалтасын қағып араб елінің қазынасын толтыртады. Өзіміздің Түркістанға барып мінәжат етсе, іштері ауыра ма?! Әлде, ата-бабаларының әруағы риза болсын деп, құран оқытып зиратына барса бір құлағы кеміп қала ма?! Бұрын Меккеге Құнанбай аталарымыз жаяулатып барған.
Ал бүгінде екінің бірі барып, қажы деген ауадан статус жасап жүр. Бір сөзбен айтқанда - бизнеске айналдырды.
Крч, күте алсаңыздар, күтіңіздер әңгімемді. Уборка жасау оңай емес. Өзім үйді жуып-тазаламасам, біреу жасағанға көңілім толмайды.
Бибігүл Дәулетбекқызы
Фейсбуктегі парақшасынан





