Біздің елде еркектің жаманы – қатын, әйелдің мықтысы – еркек. Бұған келіспеймін

Осыдан он жыл бұрын ғой деймін "Мен әйелмін, әлемнің анасымын " деген ән шығып еді ғой. Осы әнді тыңдап, "Құдая тоба, оған біреу әйел емессің " деп айтқандай деп таңғалып ем. Сөйтсем, айтпайын десең, айтқызады екен ғой. Өлеңдеріме риза болған бір ағам: "Сен қатын емессің, сен ақынсың ғой " деген. Бір қарасаң бағалап тұрған сияқты естіледі, ә? Енді бір ағам түнеу күні: "Сен еркексің ғой" дей салғаны бар емес пе? Сонда не, адам сүйсінетін әрекеттерді еркектер ғана жасай ма? Қанша әдемі естілсе де, сонша мықты бағалау болса да, мен мұндай бағаны қабылдай алмаймын. Мені "сен еркексің " деп бағалау- шынайы болмысымды қорлау деп есептеймін. Біздің елде еркектің жаманы - қатын, әйелдің мықтысы - еркек. Бұған келіспеймін. Мен әйелмін.
Өтініш: Қатын деген статус, әйел деген кірме сөз деп лағып кетпейікші.
Айнұр Төлеу
Фейсбуктегі парақшасынан





