Біздің елде шенеуніктердің кәсіби өмірі тым қысқа...

Менеджмент-сенеджмент дегенді өкіртіп оқып жатырмыз ғой. Анық түсінгеніміз, және ол ешкімге де жаңалық емес дүние - кез-келген игі істің нәтижесі ұзақ мерзімде ғана көрініс береді.
Ал біздің елде шенеуніктердің кәсіби өмірі тым қысқа. Орташа есеппен 3-ақ жыл. 1 жыл адаптация яғни өзіне дейінгінің бекітіп кеткен бюджеті һәм жоспарымен өмір сүреді. 2 жыл өзіне дейінгінің жасап кеткенін барлығын бұзып, қайта жоспар, қайта ЖСҚ (ПСД) жасатады. Ол 3 жылы мақұлданса, сосын барып жобаға бюджет алады. Енді ақша қолына тиіп, өзіне ыңғайлы командасын толық жасақтап, ад енд “жұмыс бастаймын” деп жатқанда, орнына басқа адамды қоя салады. Сосын ол адам манағы процесті қайтадан бастайды.
Осы аралықта қымбатшылық тоқтамайды, инфляция арта береді, жұмыссыздық өрши береді, баспанасыздар көбейе береді, ауру-сырқау жайыла береді. Өйткені, аналитика жасау, кемінде 5-10 жылға жоспарлау, оған қаражат бөлу, өзге дамыған елдердің тәжірибесінен сабақ алу, “Жас өспей ме, көкейді теспей ме?” дегендей, демографияның қарқын алып келе жатқанын, оның энергия мен урбанизацияға әсерін, тағысын-тағы адамның өмір сүру сызығындағы факторларын ескеріп отыратын адам баласы жоқ. Себебі, министрлер мен облыс әкімдерінің кәсіби өмірі 3 жылдай болса, қара жұмыс істеуі керек басқарма басшыларының да өмір жасы жобамен сондай не одан да аз. Ал олар ешқашан өз бетімен шешім қабылдайтын шенеуніктер тобына жатқан емес. Ол енді біздің елде көп нәрсеге байланысты.
Нәтижесінде?
Нәтижесі сол. Аналитика. Мәселені кешенді шешу. Бюджетті оңтайлы жұмсау деген жоқ жерде проблема күйгеннің үстіне күйе береді. Кеше шешу керек мәселені бүгін шешпеген соң ол ертеңге қала береді. Тиісінше, ертең келген басшыдан тың өзгеріс күту қиындау. Себебі, ІТ-шниктерде “ТехДолг” яғни “Техникалық қарыз” деген термин бар. Жасалуы керек, алайда жасалмағаннан үйіліп қалған қи-тезек қой. Сол сияқты, әкімшілік-басқару қарызы кеңірдегінен асып кеткен билікті қолған адам өз резюмесін ғана келістіріп жатқаны болмаса, басқа анау айтқан шаруа бітіреді деп айту қиындау.
Осындай бір оң жағынан да, сол жағынан да паралич соққан кейіпте өмір сүріп жатырмыз. Білмедім ақыры не болатынын…
Мұсылман ата-бабасы даңғарадай жерді мекен қылып тастап, аюдай ақырған Алтын Орданы құрған біздің елді, бүгінде бақайшағына дейін совесткий шенеуніктердің қолына түскен, қанша жерден қоғамдық жерде, мемлекеттік мекемелерде құлшылық жасауға тиым салып, оқу орындарында иман деген сөзді естісе төбе шашы тік тұратындар жиналса да “Жыртық үйдің Құдайы бар” дегендей, әлемдік аласапыранда халқымызды бір Жаратқан сақтап тұр тек…
Timur Bektur
Фейсбуктегі парақшасынан





