Біздің қоғамда көпшілік сол “түрме дәстүрімен” өмір сүретіндей

Ең қызығы, бұрыңғы КСРО аймағында құзырлы органдарға заң бұзушылық туралы хабарлау - сатқындықтың синонимы болып қабылданды. Ондай адамдар ел арасында “тоқылдақ”, “стукач” деген атқа ие болып, абыройдан айырылатын еді. Ал, Еуропа аймағында әр адам қылмысты көрген сәтте, тіпті жол ережесі бұзған көлікті көрсе, полицияға хабарлайды. Еуропалық социумда хабарлау - ол “тоқылдақ” емес, керісінше “азаматтық борыш” деп қабылданады.
Бұл үрдіс КСРОның түрмелік менталитетінен қалыптасқан сияқты. Тек КСРО аймағында “Шансон” сияқты түрмелік өмірді дәріптейтін өлеңдер кең таралды. Кейбір азаматтар әлі күнге дейін “Шансон” жанрындағы өлеңдерді сүйіп тыңдайды. Тек КСРОда “вор в законе” деген ұғым пайда болды. Жастар полиция қызметкерлеріне негатив көзқараспен қарап, қылмыскерлерге ұқсап баққысы келді.
Біздің қоғамда парақорлық пен басқа да қылмыстық құбылыстарды құзырлы органдарға хабарлау әлі де сол КСРО дәстүрінде. Бірең-сараң болмаса, көпшілік сол “түрме дәстүрімен” өмір сүретіндей. Сондықтан, тәртіпті және қауіпсіз, әрі әділетті қоғам құру үшін құзырлы органдарға хабарлау керек деп ойлаймын. Себебі қылмыс - ол қылмыс, бүгін көршіге ұры түсті, ұрыны көріп тұрып үндемесең, сол ұры ертең сенің үйіңе түседі.
Samat Nordman Nurtaza
Фейсбуктегі парақшасынан





