Біздің қыздар неке құруда одақтас іздемейді, олар бай-бағлан іздейді

Біздің қыздар неке құруда одақтас іздемейді, олар бай-бағлан іздейді

Менің шетелде досым бар, өзінің шетелге кеткеніне біраз болды, біреудің алды, біреудің арты боп жағдайын жасап алса да жасы 35 ке келіп қалды әлі сүрбойдақ боп жүр. Оған "оу, елге келіп қазақ қыздарын шертіп жүріп таңдап алып үйлене қой енді" десең, ол бұндай әңгімені жақтырмай тыржыңдайды. "Менің Қазақстандағы қазақ қыздарына көңіл қошым жоқ" дейді ол, "біздің елдегі қыздар өте әлсіз, шынайы өмірге бейімсіздеу, тіпті жалқаулау болып келеді" дейді.
"Мына жақтағы батыс елдерінің қыздары жастайынан тіршілікке мығымдау, өмірге қабілетті, тым пысықай болады, бұлар кәмелет жастарына толғаннан кейін, өз тағдырын өз қолдарына алып өз беттерімен кетуге дайын тұрады. Ақша санауды, көп табыс табуды, оны жаратуды, біреуге кіріптар болмауды үйренуді бұлар тым ерте бастап тез есейеді, және бұлар ол жағынан тым еркін, тәуелсіз болады" дейді досым.
"Мысалы сен батыс қыздарын кездесуге шақырсаң, олар отырған ресторан - кафелеріңіздің ақшасын бірге бөлісіп төлеуге тырысады, шот төлер кезде қалтасына қол салып жаны қалмайды. Егер сен шотты өзің төлесең, ол қыз бұны "мойнымда қарыз кетті" деп жақтырмай қалуы мүмкін, немесе сен ол үшін ақша төлегесін, сен бұл қыздан тағы бір зор нәрседен үміттеніп қала ма деп ол қызыңыз ыңғайсыз күйге түсуі де мүмкін. Ал батыс қыздары ондайды ұнатпайды" дейді.
"Сосын батыс қыздары, неке құруда өзіне бай - бағлан іздемейді, олар өзіне тең дәрежелі одақтас іздейді, яғни, олар жағдайларын жасап алғасын, өз теңін іздейді, олар "мына жігіт мені асырай ала ма" деген емес, "қосағым екеуміз жанұя асырай аламыз ба" деген ұғымның үстіне жанұяларын құрады". Бұлардың көбісінің баласыз қалатыны да сондықтан - бұлар жағдайларын жасағанша тұрмыс құрмайды".
Өкінішке орай Қазақстандағы қыздарда бұндай түсінік пен қабілет жоқ, біздің қыздар бәрін ерінің мойнына артып, байынан төре - сұлтаннан келетін сияпатты күтеді, ол үшін тіпті тоқал бола салуға да дайын, маған шетелде оқып жатқан қазақ қыздарымен танысып, солардың арасынан мында келіп түсінігі қалыптасып, өзгеріп ысылған қыз лайық, мен өз теңімді солардың арасынан іздеп жүрмін" деп түйіндейді сөзін досым.
Көпке топырақ шашу ниетім жоқ, бірақ досымның бұл айтқаны рас, батыстың қыздары пысық, олардың осындай жастайынан өмірге бейім қасқыр қыздары өз ақылды, қабілетті еркектерімен дамыған, озық қоғам, қуатты мемлекеттер құрып отыр.
Ал біздің қыздарға рас ысылу керек;
- қиындықтан қашып шетелдіктерге байға тию,
- қартайғанша сарылып бай жігіт іздеу,
- жігітпен таныспай жатып оның үй - жайын түгендеп сұрау,
- өкіметі 80 - 120 мың жалақыға байлап қойған кедей жігіттерінің қалтасын қағып қыдыру, тағы басқа осындай факторлар біздің қыздардың да толық жетілмегендігін көрсетеді.
Біздің қыздар неке құруда одақтас іздемейді, олар бай - бағлан іздеп, бұл мақсаты іске асса, олар бұған орыс үйреткен "удачно вышла замуж" деген керемет бағаны беріп жатады. Бізде неке - одақтас іздейтін әдетте, тек қана ажырасқан, ақыл тоқтатқан, қабілетті келіншектер, оның өзі де бәрі емес. Ал қалған қыздар, меніңше, өкінішке орай жастары келсе де бір кезде қалыптасқан елестің жетегінде кетіп, амалсыз елімізде жүз мыңдаған кәрі қыздар әскерінің қатарын толтыруда.
Менің ойымша, қазір елімізде қалыптасқан әлеуметтік кризиске тек қана жігіттердің сапасы кінәлі деуге болмайды, бұл жерде біздің қыздардың да жауапкершілігі болу керек сияқты.
Қазір біздің кедей қазақ жігіттеріне сенімді серік, адал жар, мықты одақтас керек. Егер қыздарымыздан ондай ерлік шықпаса, болашақ бұлыңғыр.

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста