Біздің топастана беруімізге пайдасы үшін құлақтан теуіп күн көретіндер де септігін тигізетін сияқты

Машинаның рульін қаптағанға неше аласың?
15 000 теңге.
Күніне неше машинаға жасап бере аласың?
Ең аз 6 ең көбі 9 машинаға.
Ммм 10 машина деп алсақ. Бір айда 30 күн бар. 30*15 000= 4 500 000. Демалыс күндерін алып тастасақ бір айдағы табыс 4 миллион теңге деді. Қазақстандағы аты дардай бизнес тренер.
Таза құлақтан тебу арқылы ақылы бизнес тренинг жасау. Күніне 1 машина келмей қалуы да мүмкін. Жұмысшылардың айлығы, аренда өзге де шығындар болады.
Өткенде Колобоктың гивіне 460 000 адам қатысыпты. Қазақстан инстаграмды адам басына қолданудан әлемде бірінші орынға шығып кетіпті. Көбіміз халява машина, айфон ұтқымыз келеді. Кейде біздің осылай топастана беруімізге жеке пайдасы үшін құлақтан теуіп күн көретіндер да септігін тигізетін сияқты.
Сабит Рысбаев
Фейсбуктегі парақшасынан





