Біздің заңның осалдығы осындай істерде көрінеді!

Қаншама алаяқтық істермен жүрмін, бірақ дәл мұндай ауыр жаза көрмедім!
Қара халықты миллиондаған ақшаға лақтырған, Ырыс, Береке, Асар сияқты сетевой маркетинг арқылы алдаған алаяқтар бостандықта тайраңдап жүрде, ал қазақтың Гаухары алты жылды арқалап кетті. Қазақтың қызына айып тағып жатқанда, прокуратура халықты қан қақсатып миллиондап жеп жүрген алаяқтарға бір қарап қойса болады ғой! Біздің заңның осалдығы осындай істерде көрінеді! Қайтеміз енді өзім ауырып жатқанда, мына хабар кәдімгідей есеңгіретіп тастады. Соңғы уақытта қаншама әділетсіз істерді көріп жүрмін. Бұл біздің тәуелсіздігімізге сын! Халықтың билікке деген сенімі жоғалды! Әлеуметтік жағдай жақсы болса, осындай істерде болмас еді ғой деп күрсініп қоюдан басқа амал жоқ! Қазақтың сол баяғы ақкөңіл аңғалдығы, өзіне әрқашан таяқ болып тиетінінің бір көрінісі! Егер Гаухар әпкенің жазған хаты рас болса, бұл алаяқтық емес, бұл алаяқтықтың құрбаны болғаны!
Халық болып қолдау керек!
фейсбуктегі парақшасынан





