Бөлек оқыту деген, қабілетті балаларды қоғам үшін жоғалту деген сөз!

Қарапайым мектептерден 6-7 сыныпта ең үздік деген балаларды теріп әкететін НЗМ туралы бірер сөз......
Қарапайым мектептерден ондаған есе көп қаржы бөлінетін сол мектептер жекелеген ата-ананың жеке амбициясын қанағаттандырғаннан өзге, қоғамға не берді?
Алла Тағала ерекше дарын берген "вундеркинд" балалар миллионнан біреу туылуы мүмкін.
Ал, кәдімгі 5 баланың 4-і қабілетті!
Менің түсінбейтінім, біздегі толып жатқан "Дарын", "БИЛ", "НЗМ" деген секілді мектептерді ашудың қандай қажеті бар?
Меніңше, қабілетті балаларды жинап алып ерекше жағдай жасап бөлек оқытқаннан ештеңе ұтпаймыз, керісінше, "Парето принципін" еске алсақ, көп нәрсе жоғалтамыз.
Өзін сәби күннен "элита" сезініп, психикасына өзгеріс енген бала өсе келе, "жерге" түсуі қиындап, әлеуметпен араласуы, тіл табысып кетуі екіталай.
Ал, кәдімгі мектептерде оқыса, осы балалар өзге балаларды сүйрейтін "локомотив" болар еді.
Бөлек оқыту деген, қабілетті балаларды қоғам үшін жоғалту деген сөз!
Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан





