Боқтаса да залдан кетпей, меңіреу адам сияқты концертін тамашалап отыр ...

Тойстраданың əншілерін пір тұтқан қоғамда масаң күйде сахнаға шығып, аузына келгенді айтуды қалыпты жағдай деп санаймын. Осылардың араласпаған жері қалмады. Мықты, кəсіби журналистерді эфирден алып тастап, орнына əншісымақтарды қойдық. Жазып берген сценарийді оқи алмай, кəсіби журналистерге аузына келгендерін оттайды. ТВ-да жылмиған түрі ғана.
Эфирдің барлығы осылардың ыржалаңы. Одан қалса "тоқалдардың" елге ақыл айтатын передачалары. ТВ басшылары мұны "рейтинг береді" деп түсіндіреді. Жаз бойы осыны жазып, қарсылық білдіріп шулағандардың қарасы байқалды. Бірақ, оны назарға алған ешкім болмады.
Қазмедианың лифтілерінде кездесе қалсаңыз, жүріс-тұрыстары, өздерін ұстауы сұмдық енді. Этиканың ауылынан мүлде алыс кеткен. Өздерін солай ұстамай қайтеді, мемлекеттің идеологиясын жасауға да соларды қатыстырып отыр. Тіпті, парламент сайлауында билеуші партияның атынан депутаттыққа үміткер ретінде де ұсындық. Билеуші партия мұны "қоғам назарын аудару", "жастарды тарту" деп түсіндіргісі келетін шығар. Бірақ, миллиондаған саналы азамат мұны қабылдай алмады.
Бұлардың партия билетін алуы да мемлекеттік деңгейдегі оқиғаға айналды. Əр қадамы - "жаңалық". Соңғы 15-20 жылда қоғамды осылай улап болдық. Уланғаны емей немене, боқтаса да залдан кетпей, меңіреу адам сияқты концертін тамашалап отыр. Сұмдық көрініс енді (көрермендердің залдан кетей отырғаны айтамын)...
Nurserik Zholbarys
Фейсбуктегі парақшасынан





