Бұл асыңды ішіп, аяғыңа түкіргенмен тең ғой...

Ұлтымыздың ұлы перзенті Мұстафа Шоқай: «Бала қай тілде білім алса, сол ұлтқа, сол мемлекетке қызмет етеді» деген. Қазақстанның әрбір азаматы Қазақ елінде, қазақ тілінде, қазақ мектептерінде білім алу керек. Бұл менің ғана ойым емес, елінің ертеңіне алаңдайтын әрбір азаматтың ойы деп білемін. Қазіргі пандемияға байланысты қашықтан оқыту кезеңінде баласын елдегі мектептерде емес, шетелде оқытамын деп қиғылық салушылар ұлтқа қауіпті адамдар. Мемлекет орта білім алуға барлық жағдай жасап отыр, Қазақстанда да барлық мүмкіндік бар. Өзі Қазақстан азаматы бола тұра, Қазақстанның нанын жеп, суын іше тұра, қалайша баласын Ресей мектептерінде оқытуға жағдай жаса деп мемлекетке талап қояды? Ешқандай логикаға симайды. Бұл асыңды ішіп, аяғыңа түкіргенмен тең ғой. Сондықтан да мұндай бассыздыққа жол берілмеу керек. Қазақстанда оқыған бала тек білім алып шықпайды, патриоттық тәрбие алып шығатынын ұмытпайық.
Мен Қазақтың Баласы (Айбар Абайұлы)
Фейсбуктегі парақшасынан





