Бұл біз көріп жүрген дәстүрлі көшбасшылықтан түбегейлі өзгеше көшбасшылық

Халықына қызмет ететін көшбасшы.
Қызметші-көшбасшы деген - басты мақсаты қол астындағыларға қызмет ету болып табылатын көшбасшылықтың түрі бар. Бұл біз ширек ғасыр көріп жүрген дәстүрлі көшбасшылықтан түбегейлі өзгеше көшбасшылық. Төмендегі сурет қызметші-көшбасшыға мысал: әлемдегі ең мықты экономиканы басқарып отырған Ангела Меркель ханым, күйеуімен бірге базардан оралуда. Ол, жылына 1550 миллиард долларлық тауар экспорттайтын европа одағының моторы-Германияның канцлері. Меркель Германияның бюджетінен мемлекеттік канцлерге тиесілі деп ешқандай қызмет, баспана, электр қуаты, газ, су, тегін телефон алмайды привилегия қолданбайды және бұл әйел тек кез-келген неміс азаматымен бірдей құқықтарға ғана ие. Ол керек-жарағын дүкеннен өзі сатып алады, азық-түліктің ақысын, көлікке мінсе билеттің ақысын өз қалтасынан төлейді. Бірде фоторепортер оған: «Есіңізде ме, мен сізді он жыл бұрын да дәл осы көйлегіңізбен суретке түсірген едім ғой?» - депті. Меркель болса оған саспай: «Менің міндетім - неміс халқына қызмет ету, фотомодель болу емес!» - деген екен.
Marat Akhmadi
Фейсбуктегі парақшасынан





