Бұл елде қазақтардың өзі казахтар мен қазақтар болып екіге бөлінеді

Динара Егеубаева жайлы ештеңе айта алмаймын. Мүлдем қарамаппын. Қаңтар оқиғасын жақсы айтты дейді. Менен қарағанда елге еңбегі көп сіңген. Мәселе онда емес.
Мені ойлантқаны бұл кісінін баласынын Еуроодақтын азаматтығын алғандығы. Бұл елде меніңше қазақтардың өзі казахтар мен қазақтар болып екіге бөлінеді. Өкінішке орай казахтар қазақтарға қарағанда жақсы тұрады. Оданда өкініштісі біразі болашағын Қазақстанмен байланыстырмайтын секілді.
Алдағы уақытта қазақтар табиғи процеспен көбейе беретін секілді. Бірақ Астана сияқты қалаларға келген қазақтардың балалары казах болып кетеді.
Кейбір қазақтар өздерінін көрген қиыншылықтарын балалары көрмесін деп балаларын орыс мектептеріне беруде.
Астанадағы сол жағалаудағы орыс сыныптарынан орыс балаларды лупамен іздейсің. 80-90% казахтар.
Казахтар окинишке орай болашағын бұл елмен байланыстырмайтын секілді. Бәрі демеймін әрине. Бірақ шетелден азаматтық алатындардын дені казахтар.
Сабит Рысбаев
Фейсбуктегі парақшасынан





