Бұрын "аталы сөзге" тоқтаған халық едік, қазір "ақшалы сөзге" тоқтайтын халық болып барамыз

Қазір әлеуметтік желі беттерін ашып қалсаң ақшаға ақыл айтатын "ақылды апымдар" ақыл айтып сайрап жүр. Қазір "а" деп аузын ашқандардың заманы болды. "Аңқау елге арамза молда". Ана мен ененің, әке мен күйеудің айтқанын тыңдамай сол "ақылды апымдардың" аузын бағып отыратындар көбейді. Ал сол тегін ақылды ақшаға сатып алып жүрген "қатындар" тіптен көп. Кейбір "ақылды апымдар" тіпті кітабын да шығарып тастаған. Әрбір қалаларда көрермен жинап тренинг өткізу модаға айналған. Қай әлеуметтік желіні ашсаңда көретінің солар.
Мә, мынаның кітабы күшті екен, иии әуелі оқып көрсеңші деп еді, апа-ау, ол қатын елге ақыл айтқанша байдан-байға секірмей әуелі өзінің "отбасы-ошақ қасын" дұрыстап алсын деді. Базардағы әңгіме. Дұрыс.(өз ойым)
Мен өзім мұндай тренингтерге барып көрмедім. Барып көрдіңіз бе деп сұрады? Жоқ, барғымда келмейді. Тіпті билетін тегін берсе де бармас едім. Неге? Себебі олардың ақшаға айтқан ақылын өзімде білем. Олардың айтқан ақылын менің анам мен жеңгелерім біледі. Теп-тегін.
Ақыл керек болса үлкендердің ақылын тыңда. Олар сол ақшаға ақыл айтып жүргендерден артық білмесе кем білмейді. Бұрын "аталы сөзге" тоқтаған халық едік, қазір "ақшалы сөзге" тоқтайтын халық болып барамыз-ау.
Жазира Аскар
Фейсбуктегі парақшасынан





