Cайрағыш емшектер мен сарнағыш түрсіктерді әкелуді доғарыңдар

Қазақ эстрадасында алғаш рет батылы жетіп, арасына "Love You, Miss You" деп бір-екі сөз қылып емес, кәдімгі толық шумақтармен ағылшын&қазақша ән айтқан Қайрат Нұртас пен інісі Заңғар Нұртас бауырларымыздың игі бастамаларына құрмет етіп қояйық! :)
Біздің әкімшіліктердің естері дұрыс емес, негізі. Әлде, Отандық эстрадада не болып жатқанынан мүлдем хабарлары жоқ. Орыстың сахнасын барып жарып жүрген өзіміздің қазақтар ғой, негізі. Жанр дағдарысы болып жатқан елден әртістерді шақыру қып-қызыл ұят емес пе? Орыстарсыз-ақ, жиылған жұртты тербетіп, көңілін көтеріп жіберетін өзіміздің халықаралық деңгейдегі артистеріміз аз емес, шүкір!
Сонша ақша сарып етіп, сайрағыш емшектер мен сарнағыш түрсіктерді әкелуді доғарыңдар, енді.
Фейсбуктегі жеке парақшасынан





