Діни фанаттар қазақтың дәстүрін жоққа шығарғысы келеді

Діни фанаттар қазақтың дәстүрін жоққа шығарғысы келеді

Қабдеш Жұмаділовтың "Толған айдың түні" дейтін ғажап әңгімесі бар. Сонда басты кейіпкері Баяхметтің аузына "Біз бұрын әмеңгерлікті де, қос қатын алғанды да "феодализмнің қалдығы" деп айыптап келдік қой. Бір халықтың мың жылдық салт-дәстүрін бұлай сызып тастауға бола ма? Халық дана ғой, қашанда. Қажетсіз нәрсені тұрмысқа енгізбейтін..." деген сөзді сап береді. 
Осы сөзді менің де айтқым келеді. Қанша ғасырдан бері синтезделіп, тұрмысқа енген салт пен дәстүрдің кейбірін дін фанаттары "ширк" деп жоққа шығарғысы кел(е)ді. Бірақ, олай емес қой. Өткенде "ауызға түкірту" туралы да дау болды. Сол туралы жаңа «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi» атты энциклопедияны бір қарап шықтым. Сонда былай жазылады: "Аузына түкірту – байырғы контагиозды магиялық жосыннан туындаған қазақы ортада таралған рәсім. Беделді тұлғалардың жақсы қасиеттері жас балаға жұғысты болсын деген ырыммен жас баланың аузына түкірту жосынын жасайды. Оның мәні – жасы үлкен, ел сыйлаған, атағы шыққан, мінезі жайсаң елге танымал, ұлылардың жақсылығы жұқсын, сол адамға ұқсап беделді, танымал болсын дегені. Баланың аузына түкірту ырымын жасаған адам баланың ата-анасына ризалық білдіріп, батасын береді. Бұл рәсімді жасауды өтініш еткен жандар әлгі адамға кәде жасайды, сый-сияпат көрсетеді. Сондай- ақ, атақты адамның қонған төсегіне нәрестені аунатып алу үрдісін аузына түкірту ғұрпының бір түрі деп айтуға болады" деп келеді. 
Ешкім баласының аузына қолынан түк келмейтін жалқау, әумесер, наданға түкіртпейді. Рас, контагиозды (жұқпалы) деп тұр. Жақсылығы жұқсын, жақсы әдеті, ерекше қабілеті дарысын дейді. Оның бұтынан өткізу, киімін кигізу, жатқан жеріне аунатып алу сияқты түрлі альтернативалары да бар. Ешкім аузына түкіртті екен деп қақырып, сілекейін жақпайды ғой. Жәй ырымын жасап тіпәйт-тіпәйт дейді. Ал, түкіруге келетін болсақ, бала түгілі көшеде де түкіріп, қақыру әдепке жатпайды. 
Салт-дәстүрге келгенде өктем-өктем сөйлеуге асықпайықшы, дәстүрдің тозығы жетсе өздігінен қалады, озығы жетсе тұрмыста қолданылады. Просто неше күннен бері компьютерге қолым енді жетті, шер тарқатып сол.
Жандос Байділда
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста