Егер бұл әдейі, қасақана жасалған іс болса, сұмдық екен

Егер бұл әдейі, қасақана жасалған іс болса, сұмдық екен

Жауыздық жазалсын!
Қостанайдағы өрт өзекті өртеп кетті. Егер бұл әдейі, қасақана жасалған іс болса, сұмдық екен. Талай жауыздықтарды көрдік қой, мынау нағыз опасыздық. Отанын сатқанмен бірдей. Одан да сорақы. Өз орманын өртеген адам бәріне барады. Оларда аяушылық сезімі жоқ. Егер анықталып жататын болса, оларға да аяушылық болмау керек.
Адам қолымен жасалған дүние қалпына келер-ау. Үй де салынар, ауыл да тұрар. Құдай жаратқан адам мен табиғатты қайтіп орнына келтіресің. Анау қырық үш мың гектар орман мыңдаған жылдардың жемісі. Оны барыңды салсаң да, жаныңды салсаң да жүз жылда қалпына келтіре алмайсың. Мен теңізге де, көлге да, далаға да қатты қызықпаймын. Тау мен орманды жақсы көремін. Сәл мүмкіндік болса тау жағалап, орман аралап кететінім сол. Анау жақты орман өртеніп жатқанда да мен сол тауда жүргенмін. Аяп кеттім. Бір үй өртенгеннің өзінде үрейіңді ұшырады. Тұтас орман, ауыл өртке орану деген сұмдық қой.
Баяғыда ауылда екі үйдің шөбі өртенген. Әдейі өртеген. Бетпе-бет келе алмайтын адам шөп өртеп қиянат қылатын. Мынау да сондай әрекет сияқты. Жауың, дұшпаның бар деген сөз. Ол дұшпан ішіңнен шықса ең сорақысы сол. Қандай да бір мүдде үшін мынандай тірлікке бару дегенді түсіне алмай қойдым. Жарайды болар іс болды. Табиғи өрт (адам салғырттығынан) болса екен деп тілеп отырмын. Егер қасақана жасалған болса, онда мен қорқамын. Шынымен қорқамын. Бұл сұмдық.
«үйі өртенген адам байып кетеді» деп жатады ғой. Біздің ауылда үйі өртенген екі отбасы да (бүгінгі балалары да) өрттей қаулап байыды. Өрт шалған өлке де солай байып кетсе екен. Қайтыс болған адамдарды Алла панасына алсын. Бұ дүниеден отқа оранып кетсе, о дүниеде жәннәттің суына шомылсын, шәрбатымен шөлін қандырсын. Мына өртті ұйымдастырған адам болса тозақты отына жансын! Киелі өлке жұртына көңіл айтамын.

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста