Ей, жігіттер-ай?!.. "Қарғайын десем, жалғызым, қарғамайын десем..." боп тұрсыздар ғой

"Пандемия басталғалы көшеде домалап жататын қаңғыбастар көбейіп кетіпті" деп жатыр ортақ чатта. Тіпті суретке түсіріп алыпты да біреуін. Жап-жас, тепсе темір үзетін жігіт былайша. Үсті-басы да әжептәуір. Еще аяғында бір аяқ киім, қасында запаскі аяқ киімі де бар. "Жұмыссыз қалды ма екен?", "Әлде, мас боп қалып, ұйықтай салды ма?" деп сан-саққа жүгіртіп біраз талдадық. Алайда айтпағым, қалай болған күнде де бүгінде "жұмыс жоқ" деген - өтірік сылтау! Себебі үй жөндетейін десең, қарапайым сылақшы таппайсың. Екінің бірінде су құбыры мен электр желісін жөндейтін адам іздеп, не оны таппайсың. Еуро жасайтын, үй салатын ұсталарды вообще айтпай-ақ қояйын, түкіріктері жерге түспей тұр. Тем более қазіргідей өзбекке зар болған тұста. Қала берді, сварщик, паравой құратындар, әр төшкісіне пәлен ақша сұрайды. Бірақ ішінде қазақ аз ғой. Сонда деймін, "жұмыс жоқ" деп көшеде домалап жатқанша, соның бірін меңгерсе ғой, қолдан қолға түспейтін маман болушы еді. Міне, қыл аяғы шопыр таппай отырмыз. Бар жігіттер, көлігі де бар, бірақ ісінде тиянақ жоқ. Бірер күн төбе көрсетеді де, үшінші күні "тойым боп еді", "ішіп қойып едім", "жолға кетіп бара жатырмын" деп, нәйеті 25 күн жұмысты тұтас істемей тұр ғой сол.
Ей, жігіттер-ай?!.. "Қарғайын десем, жалғызым, қарғамайын десем..." боп тұрсыздар ғой)
facebook.com парақшасынан





