Ененің өресі осы болса, бұған да келін кінәлі ме?

Келіннің жақсысы бар, жаманы бар. Бұл – бөлек әңгіме. Бірақ келін жақсы болғанның өзінде барған жеріне өзінің кереметтілігімен емес, айналып келгенде енесінің кеңдігімен ғана сия алады. Сен қанша жерден қолды-аяққа тұрмай қызмет істей бер, тарынып отыратын ене ерен еңбегіңді елемес еді. Ал, парасатты ене керемет келін тұрмақ, кестесі келіспеген баланы да кеңдігімен қатарына қосып алатынына шүбә келтірмеймін. Өзіне сенімді адам ғана кең бола алады. Ал, «келінге келін болсаң ғана жағасың, әдірем қалғыр!» деп тарынып жүретін ақылсыз әйел әлсіздігінен әрі аса алмай, беделден жұрдай болып жүреді. Ененің өресі осы болса, бұған да келін кінәлі ме?))))))
Шархан Қазығұл
Facebook-тегі парақшасынан
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу