Еркіндік - өзгенің пікіріне құлақ аспау, бірақ жан жүрегіңмен жақсы көру

Еркіндік
Мен үшін еркіндік деген не? Ол адамның саған деген сезімін білмей тұрып оған "Мен сені сүйем" деп айту. Қолыңа жеңіл сөмкеңді ұстап, бір күн бұрын ұшаққа билет ала сап, мұхитқа саяхаттап кету. Ең алаңғасар арманыңды жүзеге асыру. Себебі, ол сенің арманың. Жетістікке жеттім деген сәтте өзіңе күле білу. Танымайтын науқасқа бар ақшаңды жіберіп, атыңды айтпай қалу. Караокеге барып, сүйікті әніңді шырқап, ду қол шапалақ есту. "Алиэкспрестен" сатып алған кроссовкимен әлем астаналарын аралап, өзіңді патша сезіну. Еркіндік - өзгенің пікіріне құлақ аспау, бірақ жан жүрегіңмен жақсы көру. Еркіндік - өлетін күніңді білмеу, ал әр күніңді соңғы күнім деп өткізу. Еркіндік - жүректі дір еткізген жанды сүю. Жүрек тартынған адамнан аулақ болу. Көңіл күйің жоқта - жылау, көңілді болғанда - күлу.
Еркіндік - өзіңе өтірік айтпау.
Алина Ермолаева
Аударған @shinarabelda
Shynar Ábildá
Фейсбуктегі парақшасынан





