Ертең поликлиникаға «соғысқа» баратын күн

Ертең поликлиникаға «соғысқа» баратын күн. Соған бүгіннен бастап психологиялық тұрғыда дайындалып жүрмін).
Тегін дәрі мен тегін медициналық көмектің мәселесімен 22 жыл болды бетпе-бет келе жатырмын. Әр барған сайын қырлыс, әр барған сайын приключение. Осы ма бізге ерекше балаларды қарап отырған аналарға үкіметтің жағдай жасағаны.
Баладан бұрын өзіміз де ауру болатын болдық негізі. Жүйкем әбден тозды.
Больницаға жату үшін де «боевая» болу керек. Тегін дәрі алу үшін де сол. Жоғарыдан званок жасатып, қорқытып, үркітіп отыру керек. Жарты дәріні өзіміз сатып аламыз.
Білмеймін, жеке өз басым басыма түскен ауыртпалыққа 22 жыл бойы шыдап келемін. Содан бері бұл салада ілгерілеу болған жоқ. Баяғы жартас сол жартас.
Мен үшін медицина түзелгенде Қазақстан дамыды деген сөз. Ал оған дейін басқа реформа, сеформаларың түкке тұрғысыз...
Қарлығаш Зарықхановна
Фейсбуктегі парақшасынан





