"Ертең түрмеде оның өзін зорлайды, қатын етедіні" ғана жұбаныш қылып қойған қоғам болды ғой бұл.

Зорланған қазақ қызы туралы жазбаған адам қалмады-ау? Сонда да болса беш тиынымды қыстырып кетейін.
Бір ауылда отырып, бір-бірімен араласып жүрген жастардың арасында да болған ондай оқиғалар. Жігіт жақтың дымы кетпеді. Сотталып келіп, қалыпты өмір ағымына ілесті. Қыз ше?
Қыз байғұс ауылдан кетті. Көз көрмес, құлақ естімес алыс туыстарын сағалап, туған үйге ат ізін салмады. Себебі ауылда қалған шешесі де оңып отырмаған еді. Қызының зорланғанына кінәлідей елге қарарға бет жоқ, жүзін көтере алмады. Мұндай оқиғалар көөөөп. Көбісінде жұрт байғұс қызды кінәлайды. Жер шұқытады. Азғындыққа барған еркекке бәрі кешірімді.
Желіде ұйғырларды үйту керек,бүйту керек деп күпінгендер жетерлік екен. Бірақ желіде ғана. Үр ит, соқ көкқасқалап отыр. Соның дүрмегінде тағы бір қасқа арандап қалады-ау деп ішің ашиды.
Заң бар дейін десең оның түрі анау. Қыз зорлап түскенді үлгілі тәртібі үшін босатады. Ол шығып сол қылмысын бірнеше рет қайталайды. Демек заңымыз әлсіз, сотымыз солқылдақ.
"Ертең түрмеде оның өзін зорлайды, қатын етедіні" ғана жұбаныш қылып қойған қоғам болды ғой бұл.
Фейсбуктегі парақшасынан





