Есектің әні...

Есектің әні...

- Салаумалейкум, ЕСЕКе!
- Мен сенің құрдасың емеспін ғой, ЕСаға десеңші.
- Кешіріңіз ЕСаға. Қал-жағдайыңыз қалай? Жеңешем қалай, кішкентайлар өсіп жатыр ма?
- Жаман емес, шүкіршілік.
- Шығармашылығыңыз қалай?
- Тәубә, жазып жатырмыз. Естіп жүрген боларсың?.
- Ия, ЕСаға, естімей не бопты? Керең емеспіз. Қазір сіздің дәуіріңіз жүріп тұр. Ақырғаныңыз ән, қақырғаныңыз хит болып жатыр ғой. Жақсы ән шықса авторы сіз екеніңізді айтқызбай білетін болдық.
- Тәубә, өзің не шаруамен келіп едің?
- Менің де бұйымтайым сол. Елге беріп жатқан бір әніңізді мына жаман ініңізге де қисаңыз. Ағамыздың әні еді деп айта жүрсек. Оның үстіне осы күнге дейін жазған он әніміздің бірі де айналымға шықпады. Сіздің бір әнді жаздырсам дүр ете қалам ба деген есекдәме ғой.
- Есек дәме деймісің? Жә, жәрәйді бір әнімді берсем берейін. Қазір күз ғой, ән көктемдегідей керемет туып жатқан жоқ. Көктемде иіс шыққан жаққа қарасам болды ән еді ғой. Дегенмен кеше кеште көктемнің мамыражай түнін аңсап жатып мына бір ән туып еді. Тыңдап көр өзің.
- Кәні?
- Міні. «ааааееееаааа ааааеееааа»...
- Мынау ана «аааа ыыыыы аааа» дегеніңізге ұқсай ма дейм...
- Айналайын-ау, ұқсамағанда енді. Бар жоғы өзі жеті нота емес пе.
Адамдардың өзі сол жеті нотаны түгел қолданбайды. Үш-төртеуімен қайырып жүр. Бізге тиесілісі сол адамдардан артылып қалған екі нота ғой.
- Ия, рас, сөзіңіздің жаны бар. Дегенмен анабір ииаааа иаааа деген әніңіздей ерекшелеуі болса деп ем. Клип түсірсем деп ем ғой. 
- Енді ондай айырықша әндер күнде туа бермейді. Бірақ мына «аааааааа иииии ааа иии» деген әнім ерекшелеу. Клип түсірем дегесін беріп отырмын өзіңе. 
- Ой, рахмет ЕСаға. Ақысы қанша болады?
- Ақысын сосын көрерміз. Алдымен жаздырып, клибіңді түсір. Содан кейін келер жылы күзде өтетін "Ауылды ииии аааа у" атты жеке шығармашылық концертімде жақсылап орындап берсең болды. Айтпақшы, жас қодықтардың арасында менің әнім екенін ескерте жүр.

Бейбіт Сарыбай,
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста